"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің жән

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 422 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      «Кемелердің қауіпсіз жүзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      «

3.

Кемелер қозғалысын басқару жүйелері

                                                                   ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов