"Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 418 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасында:
      6-тармақтың 3) тармақшасындағы «мүлікті бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.» деген сөздер «мүлікті бергенде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға ақылы автомобиль жолдарын бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов