"Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 414 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Құл-Мұхаммед
Мұхтар Абрарұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрі, төраға

Әбілдинова
Әлия Сапабекқызы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті
төрағасының орынбасары, хатшы;

      көрсетілген құрамнан Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Роза Самидоллақызы Кәрібжанова шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов