Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 және "Жеке және заңды тұлғаларына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыла

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 388 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 484 бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6676 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2011 жылғы 2 ақпанда № 37 (26458), "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 3 ақпандағы № 35 (26437) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (Ә.Д. Дүйсенбек) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзім ішінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұйрықты мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (Ә.Д. Дүйсенбек) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                                 В.Галиев