"Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулыс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 351 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 470-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 3-бөлімнің 9-тармағының 1)2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Балқаш көлінде:
      шығыс бөлігінде № 1 бастап № 21 дейін және № 52 бастап № 70 дейін балық шаруашылығы учаскелерінің аумағынан бастап – 1 мамыр – 1 маусым аралығында;
      батыс бөлігінде № 22 бастап № 51 дейінгі балық шаруашылығы учаскелерінің аумақтарынан бастап - 22 сәуір – 1 маусым аралығында;
      2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жағындағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және алқаптарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – 1 мамыр - 1 маусым аралығында;
      3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерде және су ағындарында – 15 сәуір – 30 мамыр аралығында;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып – 22 сәуір – 1 маусым аралығында;»;
      «Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 8-бөлімнің 21-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімді молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы сол жақ Яицкий, Төменгі сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде және Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми-зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде – 11 мамыр - 15 тамыз аралығында және мұз қатқан кезеңде;
      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде – 25 мамыр – 15 тамыз аралығында және мұз қатқан кезеңде;»;
      2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      «Балқаш–Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 2-бөлімнің 2-тармағында:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іле өзені атырауында – 2 маусым – 21 сәуір аралығында;»;
      2)3) және 4-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғарғы бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жағындағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және алқаптарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – 2 маусым – 30 сәуір аралығында;
      3) Балқаш көлінде:
      шығыс бөлігінде № 1 бастап № 21 дейін және № 52 бастап № 70 дейін балық шаруашылығы учаскелерінің аумағынан бастап – 2 маусым – 30 сәуір аралығында;
      батыс бөлігінде № 22 бастап № 51 дейінгі балық шаруашылығы учаскелерінің аумақтарынан бастап – 2 маусым – 21 сәуір аралығында;
      4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерде және су ағындарында – 31 мамыр – 14 сәуір аралығында;»;
      «Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 7-бөлімнің 7-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімді молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми-зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыз – 10 мамыр аралығында;
      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеевка, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыз – 24 мамыр аралығында;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов