"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 337 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
      «1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде:
      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Туризм басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)
      24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)»;
      «2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген бөлімде:
      24-тармақ алынып тасталсын;
      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Туризм басқармасы
      26. Дене шынықтыру және спорт басқармасы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов