Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 332 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 155-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:
      286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «286. Сөйлеу байланысы арналары үшін резерв ретінде АFTN арналары, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісі және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылады.
      AFTN желісіндегі байланысты ұйымдастыру және жүргізу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс технологиясында белгіленеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов