"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 764 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 287 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2014 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 764 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 759-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жарғының көшірмесін және алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы не куәліктің көшірмесін (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған)»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғының көшірмесін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы не куәліктің, салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмелерін, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты уәкілетті орган портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
      2) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама не куәліктің көшірмесі;»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғының көшірмесін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы не куәліктің, салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмелерін, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты уәкілетті орган портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов