"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 280 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 10.10.2013 N 142 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазалы ауданының ауылдық елдi мекендерiнде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебiнен 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтiк көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХІV сессиясының төрағасы                  К. Бижанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                 Т. Бөріқұлақов