"Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 278 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6698 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1-жолмен толықтырылсын:
      «77-1. 6698 әскери бөлімі.».
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов