"Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 276 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 470 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 626-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасында:
      2-тармақта:
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «39) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;»;
      мынадай мазмұндағы 41), 42), 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:
      «41) су себетін және жуатын машиналар;
      42) вакуумды машиналар;
      43) қоқыс тасығыштар;
      44) доңғалақты тракторлар;
      45) трансформаторлар.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов