Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 239 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 413 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 239 қаулысымен   
бекітілген      

Жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесі

Р/с

Бiлiктiлiк талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

ЖТ МДҚ-дағы ақпаратты алу мүмкіндігі болғанда талап етілмейді

2

Жоғары заң білімінің болуы

дипломының көшірмесі (қосымшасымен) (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі)


3

Жеке сот орындаушысында үздiксiз тағылымдамадан өтуі

жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы куәландырған тағылымдаманың қорытындылары туралы қорытындының көшірмесі

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 7-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін талап етілмейді

4

Біліктілік емтиханын тапсыру

біліктілік комиссиясының шешімі

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 7-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін талап етілмейді

5

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен адамды әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі деп танылғаны туралы мәліметтердің болмауы

әрекет ету қабілеттілігі шектелуінің немесе әрекет ету қабілеттілігінің шектелмегендігі туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

6

Жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл аралығында сот тәртібімен әкімшілік өндіріп алу салынғандығы туралы, сыбайлас жемқорлық жасаған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің болмауы

жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібі мен әкімшілік өндіріп алу салынғандығы, сыбайлас жемқорлық жасаған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

7

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болмауы

сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

8

Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығының болуы немесе соттылығының алынбағандығы туралы мәліметтердің болмауы

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығының болуы немесе алынбағандығы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

9

Мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептер бойынша қызметтен босату туралы мәліметтердің болмауы

мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептер бойынша бұрын қызметтен босату туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

тұлғаның еңбек қызметін растайтын еңбек кітапшасы немесе өзге құжатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі)

10

Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектің болуы және үш айдан артық мерзімді өндіріп алу бойынша берешегінің болуы туралы мәліметтердің жоқтығы


«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР Әділетмині дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

11

Тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айыру туралы мәліметтердің болмауы


«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР Әділетмині дерекқорында болған жағдайда талап етілмейді

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖТ МДҚ - «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры
      «Е-лицензиялау» МДҚ - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры
      ҚР БП ҚСАЕК - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
      ҚР Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 239 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 268-құжат).
      2. «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1327 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 35-құжат).
      3. «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 822 қаулысы.