"Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 28 ақпандағы № 201 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 05.05.2015 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 тіркелген және 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 144-146 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген, Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесінде:
      16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғалар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманы ұсынады.».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Имашев