Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы Министрінің бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының Өңірлік
даму министрі, төраға
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі, төрағаның орынбасары
Шаяхметов - Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы ғылым вице-министрі
Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер Ерлан Заманбекұлы министрінің орынбасары;
мына:
«Шварцкопф - Қазақстан Республикасының
Илона Альбертовна Экономикалық даму және сауда
министрлігі Мемлекеттік активтерді
басқару саясаты департаментінің
директоры, хатшы,»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шварцкопф - Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна бюджеттік жоспарлау министрлігі
Мемлекеттік активтерді басқару
саясаты департаментінің директоры,
хатшы»;
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссияның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов