"Балық аулау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 64 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингілері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың,
облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингілері
туралы»

      Өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуын тиімді мониторингілеуді қамтамасыз ету, өңірлердің инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуының жыл сайынғы рейтингілері енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуының рейтингілерін жыл сайынғы негізде қалыптастырсын.
      3. Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың әкімдері өңірлер ішінде облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингісін қалыптастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен бір ай мерзімде елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуының жыл сайынғы рейтингісін анықтаудың әдістемесін және көрсеткіштер тізбесін бекітсін.
      5. Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму көрсеткіштерінің екі және одан көп жыл қатарынан төмендеуі тиісті әкімдердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау үшін негіз болып табылатындығы белгіленсін.
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев