Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, № 790-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 24 қаңтардағы
№ 29 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 813 қаулысымен
бекітілген
«Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан, электрондық мекенжайы www.minfin.kz Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрi – портал) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасының, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негiзiнде көрсетiледi.
4. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында;
2) Орталықтың стендтерінде;
3) порталда;
4) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының: www.con.gov.kz интернет – ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат cаll-центр телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін: (1414).
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру болып табылады не уәкілетті органның мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған дәлелдi жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) Орталықта:
лицензия беру – мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу – мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқаларын беру – мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
порталда:
лицензия беру – мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу – мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 471-бабына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн лицензиялық алым 10 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК) құрайды.
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi ставканың 10%-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.
Лицензияның телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым лицензия беру кезiндегi ставканың 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алым Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi арқылы төленеді, олар төлемнiң мөлшерін және төленген күнiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат береді.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға электрондық өтініш берілген жағдайда, төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі:
1) Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс күндерін және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссіз көрсетіледі.
Қабылдау «электронды кезек» тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) порталда – тәулiк бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекетті қызмет алушының таңдауы бойынша Орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың қолжетімділігі үшiн жағдай жасалған. Аумақтық органдардың үй-жайларында және Орталықтың ғимараттарында күту залы және ақпараттық стенділер бар;
2) порталда – жеке кабинетте көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн мына құжаттарды ұсыну қажет:
Орталыққа:
1) лицензия алу үшін:
өтiнiш (Орталыққа ұсынылған кезде – өтініш сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі түрінде жібереді);
жарғының көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) (Орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және Орталықтың қызметкері электронды сұрауға тіркейді);
осы аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторларға «аудитор» бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiктерiнiң және оның негiзiнде осы аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi) (Орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі түрінде жібереді);
«аудитор» бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiнiң, еңбек кiтапшасының, жеке еңбек шартының көшiрмелерi не басшыны қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзiндi көшірмелер (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi) (Орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды құжат көшірмесі түрінде жібереді).
Құжаттарды, жарғыны, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, салық органында есепке қою туралы куәлікті беру портал немесе уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Орталықтың электрондық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда айтылған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн:
лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн не өзi резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасын нотариалды куәландырылған аудармасымен бiрге (Орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі түрінде жібереді);
шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын кәсiби аудиторлық ұйымның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi екендігі туралы құжатты (Орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі түрінде жібереді) ұсынады.
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
өтiнiш (Орталыққа ұсынылған кезде – өтініш сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі түрінде жібереді);
аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) (Орталыққа ұсынылған жағдайда – сканерленеді және Орталықтың қызметкері электронды сұрауға тіркейді);
көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар (құрылтайшылар шешімі, жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік).
Мемлекеттік қызмет алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде уәкілетті органға бұрын берілген лицензияны қайтарады (лицензия қағаз түрінде болған кезде).
3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
өтiнiш (Орталыққа ұсынылған кезде – өтініш сканерленеді және Орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі түрінде жібереді);
аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) (Орталыққа ұсынылған жағдайда – сканерленеді және Орталықтың қызметкері электронды сұрауға тіркейді);
нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, лицензияны жарамсыз деп тану туралы мәлiметтердiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат (Орталыққа ұсынылған жағдайда – сканерленеді және Орталықтың қызметкері электронды сұрауға тіркейді).
Құжаттарды қабылдаған кезде Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқалығын және құжаттардың қалпына келтірілген электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларын мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Уәкілетті орган мемлекеттiк қызмет алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетiлген мерзімде өтінішті бұдан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелдi жауап бередi.
Электронды сұрау және оған тіркелген құжаттар Орталық арқылы электронды түрде жіберіледі, олар мемлекеттік қызмет алушының жазбаша келісімінің негізінде Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Порталда:
1) лицензияны алу үшін:
электронды құжат түріндегі өтiнiш;
жарғының көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпарат;
осы аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторларға «аудитор» бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiктерiнiң және оның негiзiнде осы аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың көшiрмелерi;
«аудитор» бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiнiң, еңбек кiтапшасының, жеке еңбек шартының көшiрмелерi не басшыны қабылдау және босату туралы бұйрықтардан үзiндi көшірмелер;
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттардың, жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық органында есепке қою туралы куәліктің мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы ақпаратты уәкілетті орган портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар түрінде алады.
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті – аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, өзiнiң шетелдiк аудиторлық ұйым мәртебесiн растау үшiн:
елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың нотариалды куәландырылған аудармасымен бiрге түпнұсқасы не лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электронды сұрауына тіркеледі);
шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын кәсiби аудиторлық ұйымның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi екендігі туралы құжат (сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электронды сұрауына тіркеледі).
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшін:
электрондық құжат түріндегі өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы ақпарат;
көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар:
құрылтайшылар шешімі – мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде не сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электронды сұрауына тіркеледі;
заңды тұлғаның жарғысы – сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электронды сұрауына тіркеледі;
лицензияның деректері (порталда болған жағдайда) не лицензия сканерленген көшірме түрінде электронды сұрауға тіркеледі (лицензия қағаз тасығышта болған жағдайда).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы құжаттың мәліметтерін уәкілетті орган портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
Электронды сұрау және оған тіркелген құжаттар электронды түрде портал арқылы жіберіледі, олар мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Егер уәкілетті орган белгiленген мерзiмде мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны (лицензияның телнұсқасын) бермеген не лицензияны беруден, қайта ресiмдеуден, электронды құжат нысанында лицензияның телнұсқасын беруден дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзiмдерi өткен күннен бастап лицензия берiлдi деп есептеледi.
Уәкілетті орган лицензияны беру мерзімдері өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны беруге міндетті.
Уәкілетті орган лицензияны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия алынды деп есептеледi. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш нысаны:
1) орталықтың: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады;
2) портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұрау нысанын толтыру қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға лицензия беруге өтiнiш бiр жылдан кейiн қаралады.
13. Орталыққа өтініш білдірген кезде электронды сұрау жіберу Орталық қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны арқылы жүзеге асырылады.
Порталда өтініш білдірген кезде электронды сұрау жіберу мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетi» арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес уәкілетті органға – адресатқа автоматты түрде жiберiледi.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттар тапсырылған кезде мемлекеттік қызмет алушыға:
1) орталыққа өтініш білдірген кезде мыналар:
сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызмет түрі;
қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және жері;
құжаттарды ресімдеуге сұрауды қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
2) портал арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) Орталықта – қолма қол (мемлекеттік қызмет алушының өзінің не сенімхат бойынша өкілінің келуі) жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесіне өтініш білдірмеген жағдайда, Орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін уәкілетті органға жібереді.
2) порталда – мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетіне» жiберiледi.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негiздеме болып табылады:
1) аудиторлық қызметпен айналысу субъектiлердiң осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн лицензиялық алымның енгiзiлмеуi;
3) мемлекеттiк қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
4) мемлекеттiк қызмет алушыға қатысты оған аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
6) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының негiздерi.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2- қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Олар бойынша мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкілетті орган қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты уәкілетті органның ішкi әкiмшiлендiру және персоналмен жұмыс басқармасынан мына телефондар арқылы 74-35-67, 74-30-57, 74-30-97 не Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
Портал жұмысына шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығы телефоны арқылы алуға болады: (1414).
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң атына берiледi.
Қаржы министрлiгi кеңсесiнiң қабылдау күндерi: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда Орталық қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым мекенжайы және телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген тікелей Орталық басшысына немесе Орталық РМК-ның басшысына берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағымдар еркiн жазбаша (баспа) түрде ресiмделедi.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы алушыға почта арқылы хат түрінде хабарланады.
Орталық немесе Орталық РМК кеңселерінде (шағымның екiншi данасына немесе оған iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) тіркелгені Орталыққа қолма-қол әкелінген, почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдағанын растау болып табылады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған адамнан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар бойынша алуға болады.
Мемлекеттік қызмет алушыға оның шағымы қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда байланыс деректері көрсетіле отырып, нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
Порталда мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электронды өтініш жіберілгеннен кейін өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттiк органда өтінішті өңдеу кезiнде жаңартылады (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы, қаралуы туралы жауап немесе қараудан бас тарту белгiлерi).
26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің Орталығы РМК: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: (7172) 94-99-95, интернет – ресурсы: www.con.gov.kz.
Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi
Р/с |
Орталықтардың (филиалдардың, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң) атауы |
Орналасқан мекенжайы |
Байланыс деректерi |
1 |
2 |
3 |
4 |
«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Ақмола облысының ХҚО» РМК филиалы |
Көкшетау қ., Әуезов к-сi, 189 а |
8-7162-40-10-76 |
1) |
Көкшетау қалалық бөлiмi |
Көкшетау қ., Бiржан сал к-сi, 42 |
8-7162-25-00-67 |
2) |
Красный Яр ауылының аудандық бөлiмi |
Красный Яр аулы, Ленин к-сi, 65 |
8-7162-40-43-27 |
3) |
Ақкөл аудандық бөлiмi |
Ақкөл ауд., Ақкөл қ., Нұрмағамбетов к-сi, 102 |
8-71638-2-09-96 |
4) |
Аршалы аудандық бөлiмi |
Аршалы ауд., Аршалы к., М. Мәметова к-с, 19 |
8-71644-2-10-77 |
5) |
Атбасар аудандық бөлiмi |
Атбасар ауд., Атбасар қ., Уәлиханов к-сi, 11 |
8-71643-2-45-94 |
6) |
Астрахан аудандық бөлiмi |
Астрахан ауд., Астраханка ауылы, Әл-Фараби к-сi, 44 |
8-71641-2-35-96 |
7) |
Бұланды аудандық бөлiмi |
Бұланды ауд., Макинск қ., Сейфуллин к-сi, 18б |
8-71646-2-37-20 |
8) |
Бурабай аудандық бөлiмi |
Бурабай ауд., Щучинск қ., Абылай Хан к-сi, 28 |
8-71636-4-29-97 |
9) |
Егiндiкөл аудандық бөлiмi |
Егiндiкөл ауд., Егiндiкөл ауылы, Победа к-сi, 7 |
8-71642-2-12-57 |
10) |
Ерейментау аудандық бөлiмi |
Ерейментау ауд., Ерейментау қ., Мұсабаев к-сi, 15 |
8-71633-2-44-92 |
11) |
Еңбекшiлдер аудандық бөлiмi |
Еңбекшiлдер ауд., Степняк қ., Сыздықов |
8-71639-2-22-41 |
12) |
Есiл аудандық бөлiмi |
Есiл ауд., Есiл қ., Победа к-сi, 56 |
8-71647-2-22-07 |
13) |
Жарқайың аудандық бөлiмi |
Жарқайың ауд., Державинск қ., Ғабдуллин к-сi, 104 |
8-71648-9-00-35 |
14) |
Жақсы аудандық бөлiмi |
Жақсы ауд., Жақсы ауылы, Ленин к-сi, 8 |
8-71635-2-17-10 |
15) |
Зерендi аудандық бөлiмi |
Зерендi ауд., Зерендi ауылы, Мир к-сi, 52 |
8-71632-2-00-74 |
16) |
Қорғалжын аудандық бөлiмi |
Қорғалжын ауд., Қорғалжын ауылы, Абай к-i, 44а |
8-71637-2-17-83 |
17) |
Степногор қалалық бөлiмi |
Степногор қ., 4 шағын аудан, 7 |
8-71645-2-00-40 |
18) |
Сандықтау аудандық бөлiмi |
Сандықтау ауд., Балкашино ауылы, Абылайхан к-сi, 119 |
8-71640-9-26-66 |
19) |
Целиноград аудандық бөлiмi |
Целиноград ауд., Ақмол ауылы, Гагарин к-сi, 15 |
8-71651-3-12-30 |
20) |
Шортанды аудандық бөлiмi |
Шортанды ауд., Шортанды к., Безымянный тұйық көшесi, 1 |
8-71631-2-17-97 |
«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Ақтөбе қ., Тургенев к-сi, 109 |
8-7132-56-57-87 |
1) |
№ 1 Ақтөбе қалалық бөлiмі |
Ақтөбе қ., Тургенев к-сi, 109 |
8-7132-57-80-27 |
2) |
Қарғалы аудандық бөлiмi |
Қарғалы ауд., Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев к-сi, 10 |
8-7132-98-60-06 |
3) |
Алға аудандық бөлiмi |
Алға ауд., Алға қ., Киров к-сi, 23 |
8-71337-4-20-79 |
4) |
Мартөк аудандық бөлiмi |
Мартөк ауд., Мартөк к., Байтұрсынов к-сi, 1 «Б» |
8-71331-22-4-13 |
5) |
Хромтау аудандық бөлiмi |
Хромтау ауд., Хромтау қ. Абай к-сi, 12 |
8-71336-26-6-33 |
6) |
Қандыағаш аудандық бөлiмi |
Мұғалжар ауд., Қандыағаш қ., Молодежный шағын ауд., 47«Б» |
8-71333-30-2-19 |
7) |
Ембi аудандық бөлiмi |
Мұғалжар ауд., Ембi қ., Әмiров к-сi, 10 |
8-71334-23-9-83 |
8) |
№ 8 Темiр аудандық бөлiмi |
Темiр ауд., Шұбарқұдық к., Байғанин к-сi, 15«А» |
8-71346-23-5-83 |
9) |
Қобда аудандық бөлiмi |
Қобда ауд., Қобда к., Нұрымжанов к-сi, 2 |
8-71341-22-1-47 |
10) |
Бадамша ауылының Қарғалы аудандық бөлiмi |
Қарғалы ауд., Бадамша ауылы, Әйтеке би к-сi. 27 |
8-71342-23-4-64 |
11) |
Ойыл аудандық бөлiмi |
Ойыл ауд., Ойыл ауылы, Көкжар к-сi, 64 |
8-71332-21-1-81 |
12) |
№ 12 Әйтеке би аудандық бөлiмi |
Әйтеке би ауд., Комсомольское ауылы, Балдырған к-сi, 10 |
8-71339-22-3-73 |
13) |
Байғанин аудандық бөлiмi |
Байғанин ауд., Қарауылкелдi ауылы, Барақ батыр к-сi, 41«А» |
8-71345-23-5-86 |
14) |
Ырғыз аудандық бөлiмi |
Ырғыз ауд., Ырғыз ауылы, Жангелдi к-сi, 7 |
8-71343-21-8-28 |
15) |
Шалқар аудандық бөлiмi |
Шалқар ауд., Шалқар қ., Әйтеке би к-сi, 63 |
8-71335-23-6-10 |
«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Алматы обылысының ХҚО» РМК филиалы |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк к-сi, 67Б |
8-7282-24-15-06 |
1) |
Ақсу аудандық бөлiмi |
Жансүгiров к., Қабанбай батыр к-сi, 20 |
8-72832-2-14-51 |
2) |
Қапал бөлiмшесi |
Капал ауылы, Алпысбаев к-сi, 3 |
8-72841-2-17-60 |
3) |
Алакөл аудандық бөлiмi |
Үшарал қ., 8 март к-сi, 63 |
8-72833-2-35-46 |
4) |
Қабанбай бөлiмшесi |
Қабанбай к., Абылайхан к-сi, 237 |
8-72837-4-13-85 |
5) |
Балқаш аудандық бөлiмi |
Бақанас ауылы, Бижанов к-сi, 25«А» |
8-72773-95-2-22 |
6) |
Еңбекшiқазақ аудандық бөлiмi |
Есiк қ., Абай к-сi, 314А |
8-72775-4-54-70 |
7) |
Шелек бөлiмшесi |
Шелек ауылы, Бижанов к-сi, 100 |
8-72775-2-34-96 |
8) |
Ескелдi аудандық бөлiмi |
Қарабұлақ к., Оразбеков к-сi, 52 |
8-72836-3-22-16 |
9) |
Жамбыл аудандық бөлiмi |
Ұзынағаш к., Мәжитов к-сi, 1 |
8-72770-2-30-90 |
10) |
Iле аудандық бөлiмi |
Өтеген батыр к. Қуат шағын ауд., Тәуелсiздiк к-сi, 25 |
8-727-251-74-46 |
11) |
Боралдай бөлiмшесi |
Боролдай ауылы, Вокзальная к-сi, 6«А» |
8-72738-7-82-42 |
12) |
Қараой бөлiмшесi |
Қараой ауылы, Тыңдала к-сi, 9 |
8-7275-24-88-10 |
13) |
Ақши бөлiмшесi |
Ақши ауылы, Қонаев к-сi, 29 |
|
14) |
Қарасай аудандық бөлiмi |
Қаскелен қ., Жанғозин к-сi, 38 |
8-72771-2-56-86 |
15) |
Тау-Самалы бөлiмшесi |
Тау Самалы к., Рысқұлов к-сi, 129 |
8-727-391-38-58 |
16) |
Шамалған бөлiмшесi |
Шамалған станциясы, Қонаев к-сi, 1«В» |
8-7272-93-66-33 |
17) |
Қаратал аудандық бөлiмi |
Үштөбе қ., Абылай хан к-сi, 22 |
8-72834-2-02-07 |
18) |
Кербұлақ аудандық бөлiмi |
Сарыөзек қ., Момышұлы к-сi, н/ж |
8-72840-3-25-88 |
19) |
Қоғалы бөлiмшесi |
Қоғалы к., Желтоқсан |
8-72842-9-10-59 |
20) |
Көксу аудандық бөлiмi |
Балпық би к., Измайлов к-сi, 10 |
8-72838-2-16-19 |
21) |
Капшағай қалалық бөлiмi |
Қапшағай қ., Қонаев |
8-72772-4-79-61 |
22) |
Шеңгелдi бөлiмшесi |
Шеңгелдi ауылы, Сейфуллин к-сi, 34 |
8-72772-7-11-94 |
23) |
Сарқан аудандық бөлiмi |
Сарқан қ., Жамбыл к-сi, н/ж |
8-72839-2-35-80 |
24) |
Лепсi бөлiмшесi |
Лепсi станциясы, Төлебаев к-сі, 1 |
8-72843-2-10-16 |
25) |
Райымбек аудандық бөлiмi |
Кеген ауылы, Момышұлы к-сi, н/ж |
8-72777-2-20-84 |
26) |
Нарынқол бөлiмшесi |
Нарынқол ауылы, Райымбек к-сi, н/ж |
8-72779-2-11-65 |
27) |
Панфилов аудандық бөлiмi |
Жаркент қ., Головацкий к-сi, н/ж |
8-72831-5-51-11 |
28) |
Талғар аудандық бөлiмi |
Талғар қ., Лермонтов |
8-727-3-11-30 |
29) |
Нұра бөлiмшесi |
Нұра ауылы, Школьная к-сi, 10 |
8-72774-5-80-62 |
30) |
Талдықорған қалалық бөлiмi |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк к-сi, 67Б |
8-7282-24-49-75 |
31) |
Текелi қалалық бөлiмi |
Текелi қ., Октябрьская |
8-72835-4-35-38 |
32) |
Ұйғыр аудандық бөлiмi |
Шонжы ауылы, Қасымбеков к-сi, 35 |
8-72778-2-43-35 |
«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Атырау қ., Сәтпаев даңғ., 23 |
8-7122-21-34-67 |
1) |
Облыстық бөлiм |
Атырау қ., Сәтпаев даңғ. 23 |
8-7122-21-29-42 |
2) |
№1 қалалық бөлiм |
Атырау қ., Баймұқанов к-сi, 16а |
8-7122-35-75-05 |
3) |
№2 қалалық бөлiмi |
Атырау қ., Балықшы, Байжiгiтов к-сi, 80а |
8-7122-24-34-90 |
4) |
Индер аудандық бөлiмi |
Индер ауд., Индербор к., Меңдiғалиев к-сi, 30 |
8-71234-2-12-96 |
5) |
Махамбет аудандық бөлiмi |
Махамбет ауд., Махамбет ауылы, Абай к-сi, 10 |
8-71236-2-24-96 |
6) |
Қызылқоға аудандық бөлiмi |
Қызылқоға ауд., Миялы ауылы, Абай к-сi, 1 |
8-71238-2-20-46 |
7) |
Жылыой аудандық бөлiмi |
Жылыой ауд., Құлсары қ., Бейбiтшiлiк к-сi, 8 |
8-71237-5-03-54 |
8) |
Құрманғазы аудандық бөлiмi |
Құрманғазы ауд., Ганюшкино ауылы, Есболаев к-сi, 66а |
8-71233-2-05-13 |
9) |
Мақат аудандық бөлiмi |
Мақат ауд., Центральная к-сi, 2 |
8-71239-3-22-97 |
10) |
Исатай аудандық бөлiмi |
Исатай ауд., Аққыстау ауылы, Егемендi Қазақстан к-сi, 9 |
8-71231-2-16-70 |
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Өскемен қ., Белинский к-сi, 37а |
8-7232-78-42-36 |
1) |
№ 1 Өскемен қалалық бөлiмi |
Өскемен қ., Сәтпаев даңғ., 20/1 |
8-7232-60-39-22 |
2) |
№ 2 Өскемен қалалық бөлiмi |
Өскемен қ., Қазақстан |
8-7232-57-83-88 |
3) |
Глубокое аудандық бөлiмi |
Глубокое ауд., Глубокое к-сi, Попович к-сi, 22 |
8-72331-2-23-35 |
4) |
Зайсан қалалық бөлiмi |
Зайсан ауд., Зайсан қ., Жангелдин к-сi, 52а |
8-72340-2-67-81 |
5) |
Зырян аудандық бөлiмi |
Зырян ауд., Зырян қ., Стахановская к-сi, 39 |
8-72335-6-02-39 |
6) |
Катонқарағай аудандық бөлiмi |
Катонқарағай ауд., Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к-сi, 96 |
8-72341-2-23-60 |
7) |
Күршiм аудандық бөлiмi |
Күршiм ауд. Күршiм ауылы, Б. Момышұлы |
8-72339-2-13-10 |
8) |
Риддер аудандық бөлiмi |
Риддер қ. Семипалатинская к-сi, 12 |
8-72336-4-62-62 |
9) |
Тарбағатай аудандық бөлiмi |
Тарбағатай ауд., Ақсуат ауылы, Абылайхан к-сi, 23 |
8-72346-2-24-96 |
10) |
Ұлан аудандық бөлiмi |
Ұлан ауд., Молодежный к., 9 |
8-72338-2-78-96 |
11) |
Шемонаиха қалалық бөлiмi |
Шемонаиха ауд., Шемонаиха қ., 3 шағын ауд., 12 |
8-72332-3-41-00 |
12) |
Семей қалалық бөлiмi |
Семей қ., 408 орам, 21 |
8-7222-33-57-97 |
13) |
№ 2 Семей қалалық бөлiмi |
Семей қ., Найманбаев |
8-7222-52-69-29 |
14) |
Абай аудандық бөлiмi |
Абай ауд., Қарауыл ауылы, Құнанбаев к-сi, 12 |
8-72252-2-22-64 |
15) |
Аягөз аудандық бөлiмi |
Аягөз ауд., Аягөз қ., Дүйсенов к-сi, 84 |
8-72237-5-24-32 |
16) |
Бесқарағай аудандық бөлiмi |
Бесқарағай ауд., Бесқарағай ауылы, Пушкин к-сi, 2А |
8-72236-9-06-30 |
17) |
Бородулиха аудандық бөлiмi |
Бородулиха ауд., Бородулиха ауылы, Молодежная к-сi, 25 |
8-72351-2-20-48 |
18) |
Жарма аудандық бөлiмi |
Жарма ауд., Қалбатау ауылы, Достық к-сi, 98 |
8-72347-6-54-00 |
19) |
Курчатов аудандық бөлiмi |
Курчатов ауд., Курчатов қ., Абай к-сi, 12 |
8-72251-2-21-66 |
20) |
Көкпектi аудандық бөлiмi |
Көкпектi ауд., Көкпектi ауылы, Шериаздан к-сi, 38 |
8-72348-2-21-71 |
21) |
Үржар аудандық бөлiмi |
Үржар ауд., Үржар ауылы, Абылайхан к-сi, 116 |
8-72230-2-19-85 |
«Жамбыл облысы бойынша ХҚО» РМК филалы |
|||
1. |
«Жамбыл облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Тараз қ., Абай даңғ., 232 |
8-7262-56-90-01 |
1) |
Тараз қалалық бөлiмi |
Тараз қ., К. Қойгелдi |
8-7262-43-84-21 |
2) |
№ 1 бөлiм |
Тараз қ., Сәтпаев к-сi, 1«б» |
8-7262-56-90-27 |
3) |
№ 2 бөлiм |
Тараз қ., Талас шағын ауд., 2 |
8-72622-6-17-78 |
4) |
№ 3 бөлiм |
Тараз қ., Абай даңғ., 232 |
8-7262-56-90-04 |
5) |
Байзақ аудандық бөлiмi |
Сарыкемер ауылы, Медеуов к-сi, 33 |
8-72637-2-28-04 |
6) |
Жамбыл аудандық бөлiмi |
Аса ауылы, Абай к-сi, 127 |
8-72633-2-11-99 |
7) |
Жуалы аудандық бөлiмi |
Б.Момышұлы ауылы, Сауранбекұлы к-сi, 49 |
8-72635-5-02-46 |
8) |
Қордай аудандық бөлiмi |
Қордай ауылы, Домалақ ана к-сi, 215 |
8-72636-2-13-52 |
9) |
Мерке аудандық бөлiмi |
Мерке ауылы, Исмаилов к-сi, 232 |
8-72632-4-42-54 |
10) |
Мойынқұм аудандық бөлiмi |
Мойынқұм ауылы, Рысқұлбеков к-сi, 215 |
8-72642-2-47-93 |
11) |
Сарысу аудандық бөлiмi |
Жаңатас қ., Жiбек жолы к-сi, 1 |
8-72634-6-33-00 |
12) |
Талас аудандық бөлiмi |
Қаратау қ., Молдағұлова к-сi, 51 |
8-72644-6-33-93 |
13) |
Т. Рысқұлов аудандық бөлiмi |
Құдан ауылы, Жiбек жолы, 71 |
8-72631-2-18-10 |
14) |
Шу аудандық бөлiмi |
Шу қ., Автобазовская |
8-72643-2-17-97 |
15) |
Гродеково ауылының бөлiмi |
Гродеково ауылы, Мир к-сi, 88 |
8-72633-3-16-76 |
«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Орал қ., Жамбыл к-сi, 81/2 |
8-7112-23-68-81 |
1) |
Ақжар ауданы бойынша бөлiм |
Ақжар ауд., Чапаев ауылы, Ақжайық тұйық к-сi, 2 |
8-711-36-92-580 |
2) |
Бөкей ордасы ауданы бойынша бөлiм |
Бөкей ордасы ауд., Сайқын ауылы, Берғалиев к-сi, 1 |
8-711-40-21-847 |
3) |
Бөрлi ауданы бойынша бөлiм |
Бөрлi ауданы, Ақсай қ., Железнодорожная к-сi, 121А |
8-711-33-35-550 |
4) |
Жаңақала ауданы бойынша бөлiм |
Жаңақала ауд., Жаңақала ауылы, Халықтар достастығы |
8-711-41-22-403 |
5) |
Жәнiбек ауданы бойынша бөлiм |
Жәнiбек ауд., Жәнiбек ауылы, Иманов к-сi, 79 |
8-711-35-22-425 |
6) |
Зеленов ауданы бойынша бөлiм |
Зеленов ауд., Переметное ауылы, Гагарин к-сi, 69Б |
8-711-30-23-614 |
7) |
Қазталов ауданы бойынша бөлiм |
Қазталов ауд., Қазталов ауылы, Лұқманов к-сi, 22А |
8-711-44-32-204 |
8) |
Қаратөбе ауданы бойынша бөлiм |
Қаратөбе ауд., Қаратөбе ауылы, Құрманғазы к-сi, 23/1 |
8-711-45-31-800 |
9) |
Сырым ауданы бойынша бөлiм |
Сырым ауд., Жымпиты ауылы, Қазақстан к-сi, 11/2 |
8-711-34-31-446 |
10) |
Тасқала ауданы бойынша бөлiм |
Тасқала ауд., Тасқала ауылы, Вокзальная к-сi, 6 |
8-711-39-22-398 |
11) |
Теректi ауданы бойынша бөлiм |
Теректi ауд., Федоровка ауылы, Юбилейная к-сi, 24 |
8-711-32-23-378 |
12) |
Шыңғырлау ауданы бойынша бөлiм |
Шыңғырлау ауд., Шыңғырлау ауылы, Тайманов к-сi, 95 |
8-711-37-33-311 |
13) |
Қазталов ауданы бойынша бөлiм |
Қазталов ауд., Жалпақтал ауылы, С. Датұлы к-сi, 23 |
8-711-38-21-044 |
14) |
Даринск селолық округы бойынша бөлiм |
Зеленов ауд., Даринск ауылы, Балдырған к-сi, 27/1 |
8-711-31-24-080 |
15) |
Ақжайық ауданының Тайпақ селолық округы бойынша бөлiм |
Ақжайық ауд., Тайпақ ауылы, Шемякин к-сi, 13 |
8-711-42-21-884 |
16) |
Теректi ауданының Ақжайық селолық округы бойынша бөлiм |
Теректi ауд., Ақжайық ауылы, Ақжайық к-сi, 5 |
8-711-43-91-316 |
«Қарағанды облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Қарағанды облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Қарағанды қ., Чкалов |
8-7212-41-63-10 |
1) |
№ 1 қалалық бөлiм |
Қарағанды қ., Ержанов к-сi, 47/3 |
8-7212-33-13-10 |
2) |
№ 2 қалалық бөлiм |
Қарағанды қ., Чкалов |
8-7212-41-03-92 |
3) |
№ 3 қалалық бөлiм |
Қарағанды қ., Мұқанов к-сi, 5 |
8-7212-77-26-57 |
4) |
№ 4 қалалық бөлiм |
Қарағанды қ., Архитектурная к-сi, 8 |
8-7212-45-71-01 |
5) |
№ 5 қалалық бөлiм |
Қарағанды қ., 21 шағын ауд., 6/7 |
8-7212-32-92-51 |
6) |
№ 6 қалалық бөлiм |
Қарағанды қ., Серов к-сi, 73 |
8-7212-93-16-94 |
7) |
Темiртау қаласының № 1 бөлiмi |
Темiртау қ., Блюхер к-сi, 23 |
8-7213-44-67-45 |
8) |
Темiртау қаласының № 2 бөлiмi |
Темiртау қ., Республика даңғ., 128 |
8-7213-99-79-96 |
9) |
№ 1 Абай аудандық бөлiмi |
Абай қ., Абай к-сi, 54 |
8-72131-4-77-07 |
10) |
№ 2 Абай аудандық бөлiмi |
Абай ауд., Топар к., Қазыбек би к-сi, 3 |
8-72153-3-04-46 |
11) |
Саран қаласының бөлiмi |
Саран қ., Жамбыл к-сi, 85 |
8-72137-4-25-26 |
12) |
Шахтинск қаласының № 1 бөлiмi |
Шахтинск қ., Абай Құнанбаев даңғ. 65Б |
8-72156-5-21-25 |
13) |
Шахтинск қаласының № 2 бөлiмi |
Шахан к., 10/16 орам, 6 |
8-72156-3-20-99 |
14) |
Осакаров ауданының № 1 бөлiмi |
Осакаров к., Пристационная к-сi, 12 |
8-72149-4-32-62 |
15) |
Осакаров ауданының № 2 бөлiмi |
Осакаров ауд., Молодежный ауылы, Абай к-сi, 13 |
8-72148-2-22-46 |
16) |
Сәтпаев қаласының бөлiмi |
Сәтпаев қ., Сәтпаев даңғ., 111 |
8-71063-4-03-47 |
17) |
Балқаш қаласының бөлiмi |
Балқаш қ., Бөкейхан |
8-71036-6-83-37 |
18) |
Шет аудандық бөлiмi |
Ақсу-Аюлы ауылы, Жапақов к-сi, 23/1 |
8-71031-2-21-88 |
19) |
Жезқазған қаласының бөлiмi |
Жезқазған қ., |
8-7102-73-81-09 |
20) |
Жаңаарқа аудандық бөлiмi |
Жаңаарқа ауд., Атасу к., А. Оспанов к-сi, 40 |
8-71030-2-69-09 |
21) |
Қаражал қаласының бөлiмi |
Қаражал қ., Ленин к-сi, 18 |
8-71032-2-70-21 |
22) |
Приозерск қаласының бөлiмi |
Приозерск қ., Балқаш |
8-71039-5-27-37 |
23) |
№ 1 Бұхар жырау аудандық бөлiмi |
Бұхар жырау ауд., Ботақара к., Абылайхан к-сi, 37 |
8-72154-2-23-73 |
24) |
№ 2 Бұхар жырау аудандық бөлiмi |
Бұхар жырау ауд., Мир к-сi, 24 |
8-72138-3-15-62 |
25) |
№ 1 Ақтоғай аудандық бөлiмi |
Ақтоғай к., Бөкейхан |
8-71037-2-11-05 |
26) |
№ 2 Ақтоғай аудандық бөлiмi |
Сары-Шаған к., Абай |
8-71038-22-3- 39 |
27) |
Нұра аудандық бөлiмi |
Киевка к., Сүлейменовтер к-сi, 2 |
8-721-44-2-11-11 |
28) |
Ұлытау аудандық бөлiмi |
Ұлытау ауд., Ұлытау к., Амангелдi к-сi, 29а |
8-71035-2-13-06 |
29) |
Қарқаралы аудандық бөлiмi |
Қарқаралы қ., Әубәкiров к-сi, 21 |
8-72146-3-17-03 |
«Қостанай облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1 |
«Қостанай облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Қостанай қ., Таран к-сi, 114 |
8-7142-53-44-84 |
1) |
Қостанай қалалық бөлiмi |
Қостанай қ., Гашик к-сi, 14 |
8-7142-26-45-51 |
2) |
Алтынсарин бөлiмi |
Силантьевка к., Ленин |
8-71445-21-5-28 |
3) |
Амангелдi бөлiмi |
Амангелдi ауылы, Майлин к-сi, 27/7 |
8-71440-21-2-55 |
4) |
Арқалық бөлiмi |
Арқалық қ., Абай к-сi, 62 |
8-71430-75-6-87 |
5) |
Әулиекөл бөлiмi |
Әулиекөл ауылы, Ленин к-сi, 32 |
8-71453-21-8-31 |
6) |
Денисов бөлiмi |
Денисовка ауылы, Советская к-сi, 13 |
8-71434-22-0-30 |
7) |
Жангелдин бөлiмi |
Жангелдин ауд., Торғай ауылы, 8 март к-сi, 37 |
8-71439-22-0-05 |
8) |
Жiтiқара бөлiмi |
Жiтiқара қ., Ленин к-сi, 108 |
8-71435-28-2-83 |
9) |
Қамысты бөлiмi |
Қамысты ауд., Қамысты ауылы, Ержанов к-сi, 66 |
8-71437-22-2-76 |
10) |
Қарабалық бөлiмi |
Қарабалық ауд., Қарабалық к., Космонавтов к-сi, 16 |
8-71441-32-9-61 |
11) |
Қарасу бөлiмi |
Қарасу ауд., Қарасу ауылы, Комсомольская к-сi, 24 |
8-71452-22-1-47 |
12) |
Лисаковск бөлiмi |
Лисоковск қ., 4 шағын ауд., 25 |
8-71433-32-0-90 |
13) |
Меңдiқара бөлiмi |
Меңдiқара ауд., Боровское ауылы, Королев к-сi, 4А |
8-714-43-22-4-60 |
14) |
Наурызым бөлiмi |
Наурызым ауд., Қарамеңдi к., Шақшақ Жәнiбек к-сi, 5 |
8-714-54-21-0-53 |
15) |
№ 1 Рудный бөлiмi |
Рудный қ., Космонавттар к-сi, 12 |
8-714-31-49-8-02 |
16) |
№ 2 Рудный бөлiмi |
Рудный қ., Корчагин |
8-71431-90-0-38 |
17) |
Сарыкөл бөлiмi |
Сарыкөл ауд., Сарыкөл к., Ленин к-сi, 104 |
8-71451-21-3-21 |
18) |
Таран бөлiмi |
Таран ауд., Таран ауылы, Калинин к-сi, 93 |
8-71436-36-5-89 |
19) |
Ұзынкөл бөлiмi |
Ұзынкөл ауд., Ұзынкөл ауылы, Абай к-сi, 79 |
8-71444-21-5-67 |
20) |
Федоров бөлiмi |
Федоров ауд., Федоровка ауылы, Красноармейская к-сi, 56 |
8-71442-22-5-18 |
21) |
Қостанай аудандық бөлiмi |
Қостанай ауд., Затабольск к., Калинин к-сi, 53 |
8-71455-24-3-15 |
«Қызылорда облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Қызылорда облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Қызылорда қ, |
8-7242-23-07-16 |
1) |
№ 1 қалалық бөлiмi |
Тасбөгет к., Амангелдi к-сi, н/ж |
8-7242-21-66-64 |
2) |
№ 2 қалалық бөлiмi |
Қызылорда қ., Жанқожа батыр к-сi, 82 |
8-7242-25-60-57 |
3) |
№ 3 қалалық бөлiмi |
Қызылорда қ., Шұғыла шағын ауд., 45 |
8-7242-24-86-11 |
4) |
№ 4 қалалық бөлiмi |
Қызылорда қ., Ақмешiт шағын ауд., 1б |
8-7242-22-48-27 |
5) |
Байқоңыр қалалық бөлiмi |
Байқоңыр қ., Максимов к-сi, 17а |
8-3362-27-54-81 |
6) |
Арал аудандық бөлiмi |
Арал қ., Қарасақал к-сi, н/ж |
8-72433-25-0-02 |
7) |
Қазалы аудандық бөлiмi |
Қазалы қ., Жанқожа батыр к-сi, н/ж |
8-72438-26-1-27 |
8) |
Қармақшы аудандық бөлiмi |
Жосалы к., Абай к-сi, н/ж |
8-72437-2-11-62 |
9) |
Жалағаш аудандық бөлiмi |
Жалағаш к., Жетоқсан |
8-72431-32-3-03 |
10) |
Сырдария аудандық бөлiмi |
Тереңөзек к., Амангелдi к-сi, 55а |
8-72436-2-29-00 |
11) |
Шиелi аудандық бөлiмi |
Шиелi к., Рысқұлов к-сi, н/ж |
8-72432-4-15-59 |
12) |
Жаңақорған аудандық бөлiмi |
Жаңақорған к., Сығанақ к-сi, н/ж |
8-72435-21-4-51 |
«Маңғыстау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Маңғыстау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Ақтау қ., 15 шағын ауд., 67б |
8-7292-42-23-11 |
1) |
№ 1 Ақтау қалалық бөлiмi |
Ақтау қ., 15 шағын ауд., 67б |
8-7292-42-23-17 |
2) |
№ 2 Жаңаөзен қалалық бөлiмi |
Жаңаөзен қ., Өркен шағын ауд., Оқушылардың шығармашылық үй ғимараты |
8-72934-5-03-90 |
3) |
№ 3 Мұнайлы аудандық бөлiмi |
Мұнайлы ауд., Маңғыстау ауылы, Қоғамдық ұйымдар ғимараты |
8-7292-46-56-83 |
4) |
№ 4 Бейнеу аудандық бөлiмi |
Бейнеу ауд., Қосай ата |
8-72932-2-55-35 |
4.1) |
Бейнеу ауданының № 9 Боранқұл бөлiмшесi |
Боранқұл ауылы, «Боранқұл Мәдениет» мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты |
8-72932-3-16-95 |
5) |
№ 5 Маңғыстау аудандық бөлiмi |
Шетпе ауылы, Центральная к-сi, 15, Қазпочта ғимараты |
8-72931-22-0-79 |
6) |
№ 6 Қарақия аудандық бөлiмi |
Құрық ауылы, Уәлиханов к-сi, 15 |
8-72937-22-2-10 |
7) |
№ 7 Түпқараған аудандық бөлiмi |
Форт-Шевченко қ, Маяулыз к-сi, 6 |
8-72938-2-30-38 |
7.1) |
Түпқараған ауданының № 10 Ақшұқыр бөлiмшесi |
Ақшұқыр ауылы, Үштерек к-сi, 5, «Жайлау» ЖШС ғимараты |
8-72938-33-28-44 |
8) |
№ 8 Жетiбай аудандық бөлiмi |
Жетiбай к., Жаңақұрылыс к-сi, 10 |
8-72935-26-9-33 |
«Павлодар облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Павлодар облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Павлодар қ., Павлов к-сi, 48 |
8-7182-33-47-35 |
1) |
Павлодар қалалық бөлiмi |
Павлодар қ., Кутузов |
8-7182-34-59-04 |
2) |
№ 1 Павлодар қалалық бөлiмi |
Павлодар қ., Есенәлиев к-сi, 24 |
8-7182-32-04-67 |
3) |
Павлодар аудандық бөлiмi |
Павлодар қ., Толстой |
8-7182-62-92-29 |
4) |
Екiбастұз қалалық бөлiмi |
Екiбастұз қ., |
8-7187-77-66-93 |
5) |
Ақсу қалалық бөлiмi |
Ақсу қ., Ленин к-сi, 10 |
8-7183-76-90-60 |
6) |
Ақтоғай аудандық бөлiмi |
Ақтоғай ауылы, Абай |
8-71841-2-21-66 |
7) |
Баянауыл аудандық бөлiмi |
Баянауыл ауылы, Сәтпаев к-сi, 49 |
8-71840-9-23-65 |
8) |
Железин аудандық бөлiмi |
Железинка ауылы, Торайғыров к-сi, 58 |
8-71831-2-25-86 |
9) |
Шарбақты аудандық бөлiмi |
Шарбақты ауылы, |
8-71836-2-34-43 |
10) |
Қашыр аудандық бөлiмi |
Тереңкөл ауылы, Тургенев к-сi, 85 |
8-71833-2-24-79 |
11) |
Лебяжi аудандық бөлiмi |
Аққу ауылы, Тәшiмов |
8-71839-2-11-07 |
12) |
Ертiс аудандық бөлiмi |
Ертiс ауылы, Иса Байзақов к-сi, 14 |
8-71832-22-91-12 |
13) |
Май аудандық бөлiмi |
Май ауылы, Сейфуллин к-сi, 13 |
8-71838-9-21-44 |
14) |
Успенск аудандық бөлiмi |
Успенка ауылы, Тәуелсiздiкке 10 жыл |
8-71834-9-18-40 |
«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Петропавл қ., Әуезов |
8-7152-33-12-57 |
1) |
Қалалық бөлiм |
Петропавл қ., Қазақстан конституциясы к-сi, 72 |
8-7152-33-02-26 |
2) |
Айыртау ауданы бойынша бөлiм |
Айыртау ауд., Саумалкөл ауылы, Д.Сыздықов к-сi, 4 |
8-71533-2-01-84 |
3) |
Ақжар ауданы бойынша бөлiм |
Ақжар ауд., Талшық ауылы, Победа к-сi, 67 |
8-71546-2-21-08 |
4) |
Аққайың ауданы бойынша бөлiм |
Аққайың ауд., Смирново ауылы, Труд к-сi, 11 |
8-71532-2-25-86 |
5) |
Есiл ауданы бойынша бөлiм |
Есiл ауд., Явленка ауылы, Ленин к-сi, 6 |
8-71543-2-20-03 |
6) |
Жамбыл ауданы бойынша бөлiм |
Жамбыл ауд., Пресновка ауылы, Горкий тұйық к-сi, 10Г |
8-71544-2-29-16 |
7) |
Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан бойынша бөлiм |
Ғ. Мүсiрепов атындағы ауд., Ленин к-сi, 7 |
8-71535-2-22-19 |
8) |
Қызылжар ауданы бойынша бөлiм |
Қызылжар ауд., Бескөл ауылы, Институтскаяк-сi, 1А |
8-71538-2-17-46 |
9) |
М. Жұмабаев ауданы бойынша бөлiм |
М. Жұмабаев ауд., Булаев қ., Юбилейнаяк-сi, 62 |
8-71531-2-03-76 |
10) |
Мамлют ауданы бойынша бөлiм |
Мамлютка қ., С. Мұқанов к-сi, 11 |
8-71541-2-27-48 |
11) |
Тайынша ауданы бойынша бөлiм |
Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 208 |
8-71536-2-36-03 |
12) |
Тимирязев ауданы бойынша бөлiм |
Тимирязев ауд., Темирязев ауылы, Уәлиханов к-сi, 17 |
8-71537-2-03-02 |
13) |
Уәлиханов ауданы бойынша бөлiм |
Уалиханов ауд., Кiшкенекөл ауылы, Уәлиханов к-сi, 80 |
8-71542-2-28-11 |
14) |
Шал ақын ауданы бойынша бөлiм |
Шал ақын ауд., Сергеевка қ., Желтоқсан к-сi, 31 |
8-71534-2-73-90 |
«Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Шымкент қ., Мәделi Қожа к-сi, н/ж |
8-7252-30-06-79 |
1) |
Шымкент қаласының № 1 қалалық бөлiмi |
Шымкент қ., Мәделi Қожа к-сi, н/ж |
8-7252-30-06-79 |
2) |
Шымкент қаласының № 2 қалалық бөлiмi |
Шымкент қ., Мәделi Қожа к-сi, н/ж |
8-7252-99-72-31 |
3) |
Шымкент қаласының № 3 қалалық бөлiмi |
Шымкент қ, Оспанов к-сi, 61 |
8-7252-30-01-35 |
4) |
Шымкент қаласының № 4 қалалық бөлiмi |
Шымкент қ., Сайрам к-сi |
8-7252-52-50-84 |
5) |
Шымкент қаласының № 5 қалалық бөлiмi |
Шымкент қ., Республика к-сi, 15 |
8-7252-56-52-84 |
6) |
Арыс қалалық бөлiмi |
Арыс қ., Ергөбек к-сi, н/ж |
8-72540-2-31-18 |
7) |
Байдiбек аудандық бөлiмi |
Шаян ауылы, Мыңбұлақ к-сi, н/ж |
8-72548-21-443 |
8) |
Кентау қалалық бөлiмi |
Кентау қ., Абылайхан к-сi, 10 |
8-72536-36-456 |
9) |
Қазығұрт аудандық бөлiмi |
Қазығұрт ауылы, Қонаев к-сi, н/ж |
8-72539-22-757 |
10) |
Мақтаарал аудандық бөлiмi |
Жетiсай қ-сы, Жайшыбек к-сi, н/ж |
8-72534-61-343 |
11) |
Отырар аудандық бөлiмi |
Шәуiлдiр ауылы, Жiбек жолы к-сi, н/ж |
8-72544-22-616 |
12) |
Ордабасы аудандық бөлiмi |
Темiрлан ауылы, Қажымұқан к-сi, н/ж |
8-72530-22-670 |
13) |
Түркiстан қалалық бөлiмi |
Түркiстан қ., Тiлеуұлы мыңбасы к-сi, н/ж |
8-72533-41679 |
14) |
Төлеби аудандық бөлiмi |
Леңгiр қ., Төлеби к-сi, н/ж |
8-72547-61-90-56 |
15) |
Түлкiбас аудандық бөлiмi |
Түлкiбас ауылы, Т. Рысқұлов к-сi, 189 |
8-72538-52-709 |
16) |
Сайрам аудандық бөлiмi |
Ақсукент ауылы, Қыстаубаев к-сi, н/ж |
8-72531-77-079 |
17) |
Созақ аудандық бөлiмi |
Шолаққорған ауылы, Қожанов к-сi, н/ж |
8-72546-43-329 |
18) |
Сарыағаш аудандық бөлiмi |
Сарыағаш ауылы, Шораұлы к-сi, н/ж |
8-72537-27-020 |
19) |
Абай ауылдық бөлiмi |
Абай ауылы, Жылқышиев к-сi, н/ж |
8-72532-31-629 |
20) |
Шардара аудандық бөлiмi |
Шардара қ., Шардара тұйық к-сi, н/ж |
8-72535-21-583 |
«Алматы қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Алматы қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Жандосов к-сi, 51 |
8-727-247-16-28 |
1) |
Әуезов ауданының бөлiмi |
Жандосов к-сi, 51 |
8-727-247-16-27 |
2) |
Алмалы ауданының бөлiмi |
Бөгенбай батыр к-сi, 221 |
8-727-378-09-09 |
3) |
Алатау ауданының бөлiмi |
Шаңырақ-2 шағын ауд., Жанқожа батыр к-сi, 24 |
8-727-395-36-10 |
4) |
Бостандық ауданының бөлiмi |
Алмагүл шағын ауд., 9а |
8-727-396-37-00 |
5) |
Жетiсу ауданының бөлiмi |
Төле би к-сi, 155 |
8-727-330-72-43 |
6) |
Медеу ауданының бөлiмi |
Марков к-сi, 44 |
8-727-239-65-52 |
7) |
Түрiксиб ауданының бөлiмi |
Рихард Зорге к-сi, 9 |
8-727-234-09-74 |
«Астана қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
|||
1. |
«Астана қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы |
Республика даңғ., 12/2 |
8-7172-57-07-74 |
1) |
Алматы ауданы бойынша бөлiм |
Мирзоян к-сi, 25 |
8-7172-61-84-11 |
№ 1 бөлiмше |
Республика даң. 12/2 |
8-7172-32-80-10 |
|
№ 2 бөлiмше |
Абай даңғ., 53 |
8-7172-21-10-27 |
|
№ 3 бөлiмше |
Железнодорожный к., Ақтасты к-сi, 20 |
8-7172-94-71-80 |
|
2) |
Сарыарқа ауданы бойынша бөлiм |
Республика даңғ., 43 |
8-7172-32-46-97 |
«Тiлендиев» бөлiмшесi |
Бөгенбай даңғ., 6а |
8-7172-94-99-96 |
|
«Ақжайық» бөлiмшесi |
Есенберлин к-сi, 16/2 «Темiрбанк» АҚ ғимараты |
8-7172-59-28-33 |
|
«Өндiрiс» бөлiмшесi |
Кеменгерұлы к-сi, 6/1 |
8-7172-30-40-70 |
|
«Кенесары» бөлiмшесi |
Сарыарқа даңғ., 12, «БТА-Банк» АҚ ғимаратында |
8-7172-23-79-03 |
|
«Жеңiс» бөлiмшесi |
Жеңiс даңғ., 34 |
8-7172-31-70-37 |
|
3) |
Есiл ауданы бойынша бөлiм |
Сауран к-сi, 7 |
8-7172-50-13-70 |
Есiл ауданы бойынша бөлiмше |
Қабанбай батыр даңғ., 5/1, вп. № 1 |
8-7172-50-91-95 |
Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi) |
|||
3. Қолжетiмдiлiк |
|||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерiсi |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |