"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 28 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

      2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) ұзақ мерзімді жеткізу шарты – осы Ережеде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде бірыңғай дистрибьютер тиісті өндірістік практика стандарттарына сәйкес дәрілік заттардың, ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға ниеті бар және өндірісті құрғаннан кейін отандық тауар өндіруші өлшемдеріне сәйкес келетін заңды тұлғамен жеті жылға дейінгі мерзімге жасайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;";

      133-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133-9. Бірыңғай дистрибьютор бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша талдау жүргізеді.

      Бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары болмаған жағдайда, осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

      Осы Ереженің 11-2-тарауын қолданбай жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарты болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте, сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу сәтінде осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес белгіленген өнім беруші мен осы Ереженің 11-2-тарауын қолданбай ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған өнім берушінің арасында 50%-дан бөлінеді.";

      мынадай мазмұндағы 133-38, 133-39, 133-40-тармақтармен толықтырылсын:

      "133-38. Ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған сәтінен бастап және ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу бастау күні аралығындағы кезең екі жылдан аспауы тиіс.

      Көрсетілген мерзімді асырған жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген тәртіппен ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзады.

      133-39. Жеткізуді бастау күні бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін басталады:

      1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінің құрылғанын растайтын құжат;

      2) фармацевтикалық қызметке арналған лицензия;

      3) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған тиісті тіркеу куәліктері;

      4) тауардың шығарылуы туралы ішкі айналысқа арналған "CT-KZ" сертификаты;

      5) дәрілік заттарды өндіру үшін тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарының енгізілгенін немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарының енгізілгенін растайтын құжат;

      6) өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде жоқ екенін растайтын құжат.

      Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алу өнім беруші өтініш берген сәттен бастап тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады. Егер дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес тиісті қаржы жылына жүзеге асырылған жағдайда, ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алу кейінгі қаржы жылына жүзеге асырылады.

      133-40. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыруды бастау мерзімі ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасаған сәттен бастап үш айдан аспауы тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов