"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1800 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2013 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,45 пайызынан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есепті айдан кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.
      3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекітетін Қор қызметін қамтамасыз етуге 2013 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.
      4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов