Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1788 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1788 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы ұсынылады.»;
      7-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күнінен бастап – 30 жұмыс күні;»;
      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақыты:
      Орталыққа жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;
      веб-портал арқылы жүгінгенде:
      өтініштерді қабылдау – тәулік бойы.
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      11-тармақта:
      Бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (ХТҚ ТП арқылы қызмет алу кезінде мекенжай анықтамасы талап етілмейді);»;
      Мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұтынушы веб-портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты, құжат дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түрлерінің өзгеруіне байланысты ауыстыру үшін өтініш білдірген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады, графикалық файл түрінде көлемі 3,4х4,5см цифрлық фотосуреті және сканерлеген нұсқада 7х2см форматында жеке қолы бекітіледі.
      Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады.
      Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде жүзеге асырылады.
      Электрондық сұрау салудың үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Веб-портал арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруді тұтынушы жеке өтініш білдірген жағдайда хабарлама негізінде көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асырады.»;
      көрсетілген стандарттың 5-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
      көрсетілген стандарттың 1-қосымшасында:
      «Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақыты:
      Орталыққа жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;
      веб-портал арқылы жүгінгенде:
      өтініштерді қабылдау – тәулік бойы.
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы ұсынылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ХҚТ ТП-ның ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу және электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке азаматтың заңды мекенжайын қайта жазуды жүргізу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызмет алу үшiн веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күннен бастап – 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет тұтынушы өтініш білдірген күні көрсетіледі.»;
      9-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақыты:
      Орталыққа жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.;
      веб-портал арқылы жүгінген кезде:
      өтініштерді қабылдау – тәулік бойы.
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      11-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;»;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұтынушы веб-портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жіберіп отырған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тіркеуге келісімін беруші тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады.
      Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде жүзеге асырылады.
      Электрондық сұрау салудың үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.»;
      көрсетілген стандарттың 4-қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
      көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:
      «Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақыты:
      Орталыққа жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.;
      веб-портал арқылы жүгінген кезде:
      өтініштерді қабылдау – тәулік бойы.
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-порталын) арқылы ұсынылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ХҚТ ТП-ның ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу және электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке азаматтың заңды мекенжайын қайта жазуды жүргізу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күннен бастап – 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде – кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      Мемлекеттік қызмет тұтынушы өтініш білдірген күні көрсетіледі.»;
      9-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақыты:
      Орталыққа жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.;
      веб-портал арқылы жүгінген кезде:
      өтініштерді қабылдау – тәулік бойы.
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      11-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;»;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұтынушы веб-портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жіберіп отырған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген құжаттар сканерден өткізілген түрде қоса беріледі.
      Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады.
      Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде жүзеге асырылады.
      Электрондық сұрау салудың үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.»;
      көрсетілген стандарттың 4-қосымшасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
      көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:
      «Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақыты:
      Орталыққа жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.;
      веб-портал арқылы жүгінген кезде:
      өтініштерді қабылдау – тәулік бойы.
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. «Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында, тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1788 қаулысына   
1-қосымша     

«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру»   
мемлекеттік қызмет    
стандартына 5-қосымша   

Электрондық нысан
____________________________________
(ішкі істер органының атауы)
бастығы
____________________________________
_____________________________ тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)
азамат ______________________________
(Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

Мен,_________________________________________________________________
                           (Т.А.Ә., туған күні)
_____________________________________________________________________
                        (ресімдеу себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
байланысты Сізден паспорт, жеке куәлік ресімдеуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

Өтінішке:
1) ______________________________
2) ______________________________
3) ______________________________
4) ______________________________
5) ______________________________
6) ______________________________ қоса беріледі.
20 __ж."_____" ___________ __________________ ______________________
                            (азаматтың қолы)   (азаматтың Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1788 қаулысына   
2-қосымша     

«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты  
жері бойынша тіркеу»   
мемлекеттік қызмет    
стандартына 4-қосымша  

Электрондық нысан
____________________________________
(ішкі істер органының атауы)
бастығы
____________________________________
_______________________ тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)
азамат _____________________________
(Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

Мен, ________________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., туған күні)
_____________________________________________________________________
                        (ресімдеу себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
байланысты Сізден тұратын мекенжайым бойынша:
_____________________________________________________________________
тіркеуді ресімдеуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

Өтінішке:
1) ______________________________
2) ______________________________
3) ______________________________
4) ______________________________
5) ______________________________
6) ______________________________ қоса беріледі.
20 __ж."_____" ___________ __________________ ______________________
                             (азаматтың қолы)  (азаматтың Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1788 қаулысына   
3-қосымша      

«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу есебінен 
шығару» мемлекеттік қызмет
стандартына 4-қосымша  

Электрондық нысан
____________________________________
(ішкі істер органының атауы)
бастығы
____________________________________
_____________________________ тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)
азамат ______________________________
(Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

Мен, ________________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., туған күні)
_____________________________________________________________________
                     (ресімдеу себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
байланысты Сізден тұратын мекенжайым бойынша:
_____________________________________________________________________
тіркеу есебінен шығаруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Өтінішке:
1) ______________________________
2) ______________________________
3) ______________________________
4) ______________________________
5) ______________________________
6) ______________________________ қоса беріледі.
20 __ж.»_____» ___________ __________________ ______________________
                             (азаматтың қолы)  (азаматтың Т.А.Ә.)