"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1777 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері және көлемі» деген кіші бөлімде:
      1-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1949108 миллион теңге (бұдан әрі – млн. теңге), оның ішінде 2012 жылы – 143854 млн. теңге, 2013 жылы – 197900 млн. теңге, 2014 жылы – 250750 млн. теңге, 2015 жылы – 232963 млн. теңге, 2016 жылы – 241741 млн. теңге, 2017 жылы – 212200 млн. теңге, 2018 жылы – 216000 млн. теңге, 2019 жылы – 220500 млн. теңге, 2020 жылы – 233200 млн. теңге, оның ішінде:»;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттік кредит беру – 436889 млн. теңге, оның ішінде:»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жылдық 0,01 % ставка бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға – 374689 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 42089 млн. теңге, 2013 жылы – 34600 млн. теңге, 2014 жылы – 35000 млн. теңге, 2015 жылы – 37000 млн. теңге, 2016 жылы – 40000 млн. теңге, 2017 жылы – 42000 млн. теңге, 2018 жылы – 45000 млн. теңге, 2019 жылы – 48000 млн. теңге, 2020 жылы – 51000 млн. теңге;»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «нысаналы трансферттер – 1512219 млн. теңге, оның ішінде:»;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға және оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуға – 208160 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 13160 млн. теңге, 2013 жылы – 15000 млн. теңге, 2014 жылы – 20000 млн. теңге, 2015 жылы – 23000 млн. теңге, 2016 жылы – 24000 млн. теңге, 2017 жылы – 26000 млн. теңге, 2018 жылы – 27000 млн. теңге, 2019 жылы – 29000 млн. теңге, 2020 жылы – 31000 млн. теңге;»;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 73565 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 4065 млн. теңге, 2013 жылы – 10100 млн. теңге, 2014 жылы – 9100 млн. теңге, 2015 жылы – 9300 млн. теңге, 2016 жылы – 9100 млн. теңге, 2017 жылы – 9700 млн. теңге, 2018 жылы – 7500 млн. теңге, 2019 жылы – 5000 млн. теңге, 2020 жылы – 9700 млн. теңге;»;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 29114 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 2214 млн. теңге, 2013 жылы – 2300 млн. теңге, 2014 жылы – 4200 млн. теңге, 2015 жылы – 2900 млн. теңге, 2016 жылы – 3500 млн. теңге, 2017 жылы – 3500 млн. теңге, 2018 жылы – 3500 млн. теңге, 2019 жылы – 3500 млн. теңге, 2020 жылы – 3500 млн. теңге;»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
      «2012» деген бағанда:
      «ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй» деген жолдағы «136,4» деген сандар «150» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» деген жолдағы «313» деген сандар «245» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Коммерциялық тұрғын үй» деген жолдағы «2498» деген сандар «2552,4» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2013» деген бағанда:
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» деген жолдағы «320» деген сандар «388» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Коммерциялық тұрғын үй» деген жолдағы «2500» деген сандар «2432» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы заң қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қатарынан кезекте тұрғандар үшін жайлылығы 4-сыныпты, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салатын болады.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      екінші бөліктегі «1 951,453» және «146,2» деген сандар тиісінше «1 949,108» және «143,854» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген кіші бөлімде:
      екінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үй салуы, кейін оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуы – 2 943,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 245,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 388,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 330,0 мың шаршы метр;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін (кредиттік) тұрғын үй салуы – 2 300,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 150,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 225,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 275,0 мың шаршы метр;»;
      «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қосымшада:
      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы реттік саны 11-жолмен толықтырылсын:
      «

11.

Жергілікті атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен кезекте тұрғандар үшін жайлылығы 4-сыныпты, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуы бөлігінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2013 жылғы 3-тоқсан

ҚТҮКШІА, Әділетмин і, Қаржымині

Талап етілмейді



Заң жобасын ың тұжырым дамасы

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов