"Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1757 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                           С. Ахметов