Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1754 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1769 қаулысымен    
бекітілген       

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын
қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорын (бұдан әрі – бірыңғай қор) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай қордың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.
      3. Бірыңғай қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
      4. Бірыңғай қорды құрудың мақсаты пайдаланушыларды толық, анық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың нормативтік техникалық құжаттарын және стандарттау жөніндегі өзге құжаттарды жүйелеу болып табылады.
      5. Бірыңғай қор техникалық реттеу саласында басқа қорлармен және шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
      6. Бірыңғай қор ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері және нормативтік техникалық құжаттар (бұдан әрі – нормативтік техникалық құжаттар) туралы ақпаратты қамтиды.

2. Бірыңғай қорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      7. Бірыңғай қорды уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар қалыптастырады.
      8. Бірыңғай қордың құрамына:
      1) стандарттар (шетел мемлекеттерінің, ұлттық, өңірлік және халықаралық);
      2) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері (мемлекеттік, ұлттық, өңірлік және халықаралық);
      3) нормативтік техникалық құжаттар:
      стандарттау бойынша қағидалар, нормалар және ұсынымдар (мемлекеттік, ұлттық, өңірлік және халықаралық);
      ресми ақпараттық басылымдар (көрсеткіштер, каталогтар);
      ветеринариялық-санитариялық нормалар, қағидалар және гигиеналық нормативтер;
      зоогигиеналық, ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық нормалар және қағидалар;
      өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидалары;
      әдістемелік нұсқаулар (қосымшалар), өлшемдерді орындау әдістемесі;
      техникалық, өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен қағидалар;
      авиациялық қағидалар;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер;
      қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен қағидалар;
      жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қағидалар;
      техникалық реттеу саласындағы басқа да құжаттар.
      9. Құжатты қабылдаған адам бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуішін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын бірыңғай қорға жібереді.
      10. Мемлекеттік органдар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 1 айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықтаманы қоса беріп, бұрын бекітілген қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарды қағаз және/немесе электронды тасығыштарда уәкілетті органға жібереді.
      11. Нормативтік техникалық құжатты бекітетін мемлекеттік орган, мұндай құжатта мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер болатын жағдайлардан басқа кезде нормативтік техникалық құжатты бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін бекітілген құжат мәтінімен бірге және осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықтаманы қоса отырып, тиісті құжаттар бекітілгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей құжатты бекіткен мемлекеттік органның мөрі қойылған түпнұсқалардың бір дана көшірмелері түрінде қағаз және электронды тасығыштарда береді. Құжаттар мен мәліметтерді берудің бұл тәртібі бұйрықпен нормативтік техникалық құжатқа өзгерістер енгізілетін жағдайларға да қолданылады.
      12. Анықтама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
      1) нормативтік техникалық құжатты қолданысқа енгізу күні;
      2) әзірлеуші туралы мәлімет (атауы, мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны/факсы және өзге де мәліметтер).
      13. Мемлекеттік орган уәкілетті органға нормативтік техникалық құжаттарды тапсырған кезде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
      14. Егер нормативтік техникалық құжаттың атауын, белгіленуін дәл анықтау мүмкін болмаса, нормативтік техникалық құжат мәтінін оқу қиын болған кезде, сондай-ақ егер онда берілген суреттер мен кестелер анық көрсетілмесе, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органнан техникалық құжатты сұратуға құқылы.
      15. Бірыңғай қорды жүргізу дегеніміз бірыңғай қорды ақпараттық жалпы пайдалану жүйесін мына жолдармен жаңартылған күйде ұстау процесін білдіреді:
      1) нормативтік техникалық құжаттардың қағаз нұсқаларын цифрлау;
      2) бірыңғай қордың жойылған, ауыстырылған және күшін жойған нормативтік техникалық құжаттарын бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасынан шығарып тастау;
      3) бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жаңа құжаттармен толықтыру.
      16. Мемлекеттік орган құжатты қағаз нұсқада берген жағдайда нормативтік техникалық құжатты цифрлауды уәкілетті орган жүргізеді.
      17. Уәкілетті орган келіп түсетін нормативтік техникалық құжаттар деректері негізінде бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жүргізеді.
      Анықтамалық-библиографиялық деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) жүргізу:
      1) деректер базасына нормативтік техникалық құжаттарды және олар туралы мәліметтерді (белгіленуі, атауы және өзге де мәліметтер);
      2) деректер базасына әзірлеуші туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.
      18. Библиографиялық деректерді толтыру бірыңғай қордың жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
      19. Деректер базасына енгізілген нормативтік техникалық құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда мемлекеттік орган құжат қолданылуының жаңа мерзімдерін көрсете отырып, жаңартылған құжатты немесе егер құжат күшін жойған деп танылса, құжатты жоюға қою туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
      20. Нормативтік техникалық құжаттың әрбір өзгерісі, қолданылу мерзімінің ұзартылуы, қолданылу мерзіміне шектеудің алынуы, нормативтік техникалық құжат қолданысының тоқтатылуы бойынша нормативтік техникалық құжатты жаңартуды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, арнайы қорлар құратын ұйымдар өзара іс-қимыл жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қорлар туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.

Нормативтік техникалық      
құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына          
1-қосымша           

Қабылдау-тапсыру актісі

      Мемлекеттік органның атынан __________ және уәкілетті органның атынан ____________ мына нормативтік техникалық құжаттарды қабылдау-тапсыруды жүзеге асырды.

Р/С

Атауы

Ескертпе (электронды/қағаз нұсқасы)

саны





      Тапсырды ________________________
               (мемлекеттік орган өкілі)           М.О.

      Қабылдады _______________________
               (уәкілетті орган өкілі)             М.О.

Нормативтік техникалық      
құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына          
2-қосымша           

Мамандандырылған қорлар және бірыңғай қормен өзара іс-қимылды
жүзеге асыратын қорлар туралы мәліметтер

Мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы

Толық


Қысқаша


Мамандандырылған қордың немесе қордың атауы


Пошталық мекенжайы


Электрондық поштасы


Телефон/факс


Өзара іс-қимылды жүзеге асыратын байланыс тұлғасы

Тегі


Аты


Әкесінің аты


Деректемелері


Телефоны


Қызмет саласы



Ақпараттың дұрыстығына мына тұлға жауапты болады

Тегі


Аты


Әкесінің аты


      Күні                                       Басшы ___________

М.О.