"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1740 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Шаяхметов              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Саят Болатұлы            вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ахметов                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжалиұлы          халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Громов                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Сергей Николаевич        орынбасары

Қырықбаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы         ақпарат вице-министрі

Лепеха                 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Игорь Владимирович       министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің
                         төрағасы

Дәуренбек              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ырысқали Рақымұлы        министрлігі Консулдық қызмет
                         департаментінің директоры

Құрманов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Рүстем Жомартұлы         министрлігі Инвестициялық саясат
                         департаментінің директоры

Омаров                 - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Мұрат Ескелдіұлы         шынықтыру істері агенттігі төрағасының
                         орынбасары;

      көрсетілген құрамнан: Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Марат Бақытжанұлы Бекетаев, Әсел Бекқызы Нүсіпова, Қайрат Тұрсынайұлы Мыңжанов, Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев, Мұрат Талапұлы Қабденов, Самат Қуанышбекұлы Жаңабай, Санат Тұңғышбекұлы Тұңғышбеков,Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов