Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1707 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандары;
      2) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1707 қаулысымен   
бекiтiлген       

Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандары*

1

Тауар биржасының атауы


2

Есепті сауда сессиясының күні


3

Әрбір жасалған биржалық мәміле бөлінісіндегі ақпарат

биржалық мәміле нөмірі (биржаның есепке алынуы бойынша)


биржалық мәмілені тіркеу күні және уақыты


биржалық мәміле жасалған биржалық тауардың атауы не коды


биржалық тауардың өлшем бірлігі


биржалық мәміле жасалған тауардың мөлшері


биржалық мәміле жасалған тауар бірлігінің бағасы


биржалық мәміленің жалпы бағасы


биржалық мәміленің валютасы


биржалық мәміле бойынша сатып алушыға/сатушыға қызмет көрсететін брокердің атауы және оның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)


4

Әрбір биржалық тауар бөлінісіндегі ақпарат

мәмілелер саны


тонналық көлемде


теңге айналымында


5

Есептілікті ұсыну күні және уақыты


      Ескертпе*:
      кодтарды пайдаланған жағдайда есепте олардың толық жазылуы келтірілуі тиіс;
      есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде көрсетіледі;
      есепті жасау кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңге болып белгіленеді.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1707 қаулысымен   
бекiтiлген       

Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық
нысандарын ұсыну қағидалары

      1. Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржаларының есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну тәртібін белгілейді.
      2. Тауар биржалары сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мерзімді келісімшарттарды қоспағанда, тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын (бұдан әрi – есеп) ұсынады.
      3. Есеп тауар биржасының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында күн сайын, есепті күннен кейінгі жұмыс күні Астана уақытымен сағат 10.00-ден кешіктірілмей уәкiлеттi органға ұсынылады.
      4. Есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша уәкілетті органның электрондық мекенжайына берілген сәттен бастап жіберілген болып саналады.
      5. Электрондық құжат нысанындағы есеп уәкілетті органның ақпараттық-коммуникациялық желiсінде тіркелгеннен кейін келіп түскен болып саналады.
      6. Есепті алу туралы хабарлама есепті алу фактісі мен уақыты және тауар биржасы уәкілетті тұлғасының жіберушісі туралы деректерді қамтуы тиіс. Егер тауар биржасының уәкілетті тұлғасына хабарлама келіп түспеген жағдайда уәкілетті орган есепті алмаған болып саналады.