"Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1700 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан
Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев