Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Павлодар қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      3. «Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 16-2-жолдармен толықтырылсын:
      «11-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы.»;
      «16-2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін оқу орталығы (Павлодар қаласы).»;
      реттік нөмірі 27-жол алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 1, 2-жолдар алынып тасталсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      2-бөлімде:
      мына:

      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы

630

                                                                   »;
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы

595

      мына:
      «


Қазақстан Республикасы  Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

467

                                                                   »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:


Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов
атындағы Қарағанды академиясы

473

                                                                   »;
       мына:
      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы

255

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы

300

                                                                   »;
      мына:
      «


Ақтөбе заң институты

215

                                                                   »;
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтты

234

                                                                   »;
      мына:
      «


Павлодар заң колледжі

185

                                                                   »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын
      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы (Павлодар қаласы)

100

                                                                   »;
      мына:


Оқу орталығы (Семей қаласы

98

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы (Семей қаласы)

91

                                                                   »;
      мына:
      «


Оқу орталығы (Шымкент қаласы)

115

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы (Шымкент қаласы)

91

                                                                   »;
      мына:
      «


Мамандандырылған күзет бөлімшелері

15432

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Мамандандырылған күзет бөліністері

15519

                                                                   »;

      3) қызмет бабында пайдалану үшін.
      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының әділет органдарында қайта тіркелуін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                                     С. Ахметов