"Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1664 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 470 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 626-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасында:
      3-тармақта:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) жарнамалық-ақпараттық және баспа қызметтері;»;
      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17) әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттарының Ku- жиілік диапазонындағы транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер;
      18) «KazSat» әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану арқылы Ku-жиілік диапазонында тіркелген спутниктік байланысты қолдануды көздейтін байланыс және (немесе) телерадиохабар тарату қызметтері.».
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов