"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1650 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 18 шешімімен (қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешен мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылары мен тарифтiк ставкалары белгiленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 5.08.2014 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы Д. Молдашев