Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 259 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1642 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 мамырдағы
№ 440 қаулысымен
бекітілген
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар мемлекеттік меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін регламенттемейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар.
2) өтініш беруші – мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына куәлік алу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
3) сараптама комиссиясы – облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы құрайтын мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі комиссия;
4) сараптама – сараптама комиссиясының уақытша әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын айқындау мақсатында өткізетін рәсімі;
5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы – Қазақстан Республикасынан әкетілетін заттың мәдени құндылығын белгілейтін мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы беретін белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі - қорытынды);
3. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығы үшін алты айдан аспайтын мерзімге мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беретін куәлікті (бұдан әрі – куәлік) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары береді.
Кедендік одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерге мәдени құндылықтарды уақытша әкету куәлік негізінде жүзеге асырылады.
2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібі
4. Куәлікті алу үшін өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар;
3) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы шартының көшірмесі;
5) мәдени құндылықтың А-5 үлгісіндегі алдыңғы және артқы жақтары шолынған екі фотосуреті;
6) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
7) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы.
Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына сараптамаға ұсынылған зат(тар) қабылдау және беру журналына тіркеледі.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарының жауапты тұлғасы өтініш пен ұсынылған зат(тарды)ты сараптама комиссиясына сараптамаға жолдайды.
6. Сараптама комиссиясы ұсынылған құжаттар мен заттардың сараптамасын тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызын айқындау, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау материалы мен техникасын, мөлшерін (салмағын), өзгеше ерекшеліктерін, сақталу жағдайын жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырады.
7. Сараптама қорытындысының негізінде сараптама комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресімдейді.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы оң шешім қабылдаса, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік, ал теріс шешім қабылдаған жағдайда – дәлелденген бас тартуды жазбаша нысанда береді.
9. Куәлік беруден бас тартуға:
1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі;
2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
3) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының осы Қағидалардың 3-тармағымен сәйкес келмеуі;
4) затта мәдени құндылықтың жоқ болуы туралы қорытынды.
10. Куәлік немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде беріледі.
Сараптамаға ұсынылған зат(тар) өтініш берушіге қабылдау және беру журналына белгі қойып, қайтарылады.
11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлікті немесе куәлікті беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап куәлік берілді деп есептеледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы куәлік беру мерзімдері өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті куәлікті береді.
Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қала мен
____________________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)
ӨТІНІШ
Мәдени құндылықтарды 1) _____________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
5) ________________________________________________________мақсатында
_____________________________________________________________________
(елдің атауы және орналасқан жері)
уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз.
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректері:__________________________________________
(Т.А.Ә. туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолы__________________ Күні __________________
М.О.
Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру
қағидаларына
2-қосымша
_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі
сараптама комиссиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
№ ____
_____________ қаласы «___» _______ 20___ ж.
1. Өтініш беруші_____________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің деректері:_______________________________________
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)_____________________________________________________________________3. Өтініш берушінің қызметі: ________________________________________
4. Әкетудің (уақытша әкетудің) мақсаты: _____________________________
5. Сараптамаға _____________________________________________ ұсынылды
(заттың атауы, жазбаша саны)
6. Заттың сипаттамасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
(түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және орындалу техникасы,
_____________________________________________________________________
өлшемі, салмағы, сақталуы)
Қорытынды: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мәдени құндылығы бар немесе жоқ,
_____________________________________________________________________
уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)
Сараптама комиссиясының Комиссия мүшелері:
төрағасы: ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ (Т.А.Ә.)
М.О.
Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру
қағидаларына
3-қосымша
_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК
қаласы ______ № «___» ______ 20 ___ ж.
1. Өтініш беруші ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Өтініш берушінің деректері: ______________________________________
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі _________________________________________
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
_____________________________________ № ____ 20____ ж. «___» ________
1)___________________________________________________________________
(мәдени құндылықтың атауы)
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
__________________________________________________________ мақсатында
_____________________________________________________________________
(елдің атауы және ұйымның орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
200 __ж. «____» ______________ 20___ж. «______»___________ мерзіміне
Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.
Уәкілетті тұлға _____________________________________________________
(Т.А.Ә. және қызметі)
М.О. Қазақстан Республикасы
кеден органдарының белгісі