Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.06.2015 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      С.Ахметов
Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің            
2012 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1590 қаулысымен      
бекітілген           
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі
Р/с №  | 
Біліктілік талаптары  | 
Құжаттар  | 
Ескертпе  | 
1  | 
2  | 
3  | 
4  | 
1.  | 
Телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар, жалпы саны кемінде үштен бір бөлікті құрайтын инженер-техникалық мамандардың болуы  | 
Қызметкерлер, оның ішінде телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженер-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)  | 
|
2.  | 
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер  | 
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)  | 
|
3.  | 
Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастырудың техникалық мүмкіндіктері  | 
Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастырудың схемасы  | 
|
4.  | 
Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер  | 
Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)  | 
|
5.  | 
Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер  | 
1) Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;  | 
|
6.  | 
Теле-, радиокомпаниялар-қ ұқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды ретрансляциялауға алдын ала шарттар (көпбағдарламалық хабарлар тарату үшін)  | 
Теле-, радиокомпаниялар- құқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)  | 
|
7.  | 
Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен және алаңдар  | 
Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін, техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)  | 
|
8.  | 
Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін өлшеу және сынақ жабдығының құралдары  | 
Метрологиялық сипаттамаларды көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдарының және сынақ жабдығының тізбесі және олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталуын растайтын құжаттар (сертификаттар көшірмелері)  | 
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі  
қызметті жүзеге асыру үшін олардың    
сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік 
талаптары және құжаттардың тізбесіне  
қосымша                   
 
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны
      1. Қызметкерлер саны:
      инженерлік-техникалық мамандар_________________;
      мамандық бойынша жұмыс өтілім__________________;
      1 жылға дейін__________________________________;
      жылдан астам___________________________________.
      2. Қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер:
      трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;
      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.
      3. Техникалық мәліметтер:
      1) құрылатын желінің атауы: эфирлі/ кабельді/ спутниктік;
      2) хабар таратумен қамту аумағы_________________________;
      3) желі типі____________________;
      стандарт атауы_______________;
      стандарт нөмірі______________;
      4) таратылатын теле-, арналардың тізімі;
      даму кезеңдері бойынша тізбе__________;
      қысқаша сипаттама________________;
      5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда__________;
      6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары;
      7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;
      көлемі МГц___________________;
      қосылушылар саны_____________;
      8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимылы:
      шарттың нөмірі_____________;
      шарттың жасалған уақыты_____________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
      жекеменшік техникалық құралдар бойынша _______________________;
      өзге желілерді жалға алған арналар бойынша ___________________;
      шарттың нөмірі ______________________;
      шарттың жасалған күні _______________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)__________;
      10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:
      шарттың нөмірі _________________;
      шарттың жасалған күні __________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке- тұлғаның атауы)_________;
      11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;
      12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;
      студияның орналасқан жері _____________;
      пайдаланылатын желінің типі ____________;
      13) жиілікті иеленуі бар жабдықтың санитарлық паспортының болуы:
      нөмірі және берілген күні ______________;
      паспортты берген органның атауы ___________;
      паспорттың қолдану мерзімі _______________;
      14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):
      атауы ______________;
      тиесілігі __________;
      орналасқан жері _______________;
      қызмет көрсету аумағы ___________;
      жиіліктің орналасқан белдеуі ____________;
      арнаның жылдамдығы _________________;
      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ___________.
      4. Ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы шарттың нөмірі _________;
      жасалған күні _________________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
_____________________.
      5. үй-жайлар мен алаңдардың болуы:
      жекеменшік алаңдар ______________;
      алаңдар көлемі __________________;
      жалға алынған орындар ___________;
      орындар көлемі __________________;
      шарттың нөмірі __________________;
      шарттың жасалған күні ____________;
      шарттың кіммен жасалды____________;