"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 562 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1575 қаулысымен     
бекітілген        

«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар
беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ұйымдар) көрсетеді.
      Ұйымдардың мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175178-тармақтарының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысының, «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығының, «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығының, «Резидентура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz) және ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      5. Мыналар:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;
      2) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;
      3) интернатураны аяқтағаннан кейін – куәлік;
      4) жоғары оқу орнынан кейін білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша, магистратураны және докторантураны аяқтағаннан кейін – диплом, резидентураны аяқтағаннан кейін – куәлік;
      5) қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтағаннан кейін – куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру оқыту бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары азаматтарға аккредиттелген білім беру оқыту бағдарламалары (мамандықтар) бойынша білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды бере алады.
      Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды бере алады.
      Қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттар «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығында бекітілген нысан бойынша беріледі.
      Қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттарға ұйымның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және ол ұйымның мөрімен куәландырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет ұйымда оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан өткен жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қорытынды аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе ұйым басшысының шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Жеке тұлғаға құжат салтанатты жағдайда жеке өзіне беріледі.
      Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша басқа адамға беріледі.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын беру ұйымның бекітілген баға прейскурантына сәйкес қолма-қол және/немесе қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті алушыға телнұсқа төленген соманы және күнін растайтын төлем құжаты болған кезде беріледі.
      9. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз, жылдамдатылған қызмет көрсетусiз, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері ұйымның iшкi тәртiбiнiң қағидаларына сәйкес түскi үзiлiспен, сағат 10:00-нан 17:00-ге дейiн көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет білім алушы оқудан өткен ұйымның не оның филиалының орналасу орны бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер бар.
      Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімді болу үшін пандусы бар кіреберіспен жабдықталған ғимараттарда көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжатты алу үшін жеке тұлғалар мынадай құжаттарды көрсетуі тиіс:
      1) жеке куәлік;
      2) кету қағазы немесе білім алушының ұйым алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.
      12. Кету қағазы немесе білім алушының ұйым алдында берешегі жоқтығын растайтын өзге құжат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша ұйымның аталған құжаттарды тіркеуге жауапты құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.
      Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды ұсынуын растау оны осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылатын күні көрсетілетін есепке алу журналына тіркеу болып табылады.
      14. Тиiстi бiлiм беру бағдарламасының игерілуін растайтын құжат мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін білім алушының ұйымның алдындағы қаржылай немесе өзге де берешектері негіз болып табылады. Қаржылық немесе өзге де берешектерді жойған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжат беріледі.
      16. Құжаттардың телнұсқалары мен оларға қосымшалар жоғалған құжаттардың орнына беріледі. Телнұсқаны беру үшін құжатты жоғалтқан азаматтың ұйым басшысының атына оны жоғалту жағдайы жазылған өтініші негіз болып табылады.
      Азамат құжатты жоғалғандығы туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымында орналастырғаннан кейін ұйым басшысы немесе оны алмастыратын адам құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді қабылдайды.
      Құжаттың телнұсқасы өтініш түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей беріледі.
      Құжаттың телнұсқасы құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына және әкесінің атына беріледі.
      Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы үлгі бланкілерінде беріледі және ұйымының басшысы және оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды.
      Берілетін құжаттың бланкісінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген № ____ телнұсқа» деген мөртабан қойылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Ұйымның қызметі, қызметтік міндетін орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезіндегі заңдылықтың сақталуына негізделеді және әдептілік, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша егжей-тегжей ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Ұйымның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткішінің нысаналы мәндері жыл сайын ұйым басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша ұйым кеңсесінің қызметкері түсіндіреді.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.
      22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.
      23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағым ерікті түрде беріледі.
      25. Шағым ұйымның кеңсесінде кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұлғаға шағымды қабылдаған уақыты және күні, тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефон бойынша алуға болады.
      Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

«Денсаулық сақтау саласы       
кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан 
өткені туралы құжаттар беру»    
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша              

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары
оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру
бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары

Р/с

Ұйымның атауы

Ұйымның орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

1

«Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» РМК

Алматы қ., Манас к-сі, 34

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(8727) 2749689

2.

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМҚК

Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 68

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87132) 563425

3.

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМК

Алматы қ., Төле би к-сі, 88

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 923014

4.

«Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК

Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87212) 518926

5.

«Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» РМК

Семей қ., Абай к-сі, 103

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87222) 522251

6

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» РМК

Шымкент қ., Әл-Фараби к-сі, 1

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87252) 408208

7

«Астана медицина университеті» АҚ

Астана қ., Сарыарқа көшесі, 95

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 539541
(87172) 539545

8

«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» РМК

Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87273) 378025
(87273) 297188

9

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi

Түркістан қ., университет қалашығы

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87253) 363849

10

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ

Астана қ., Абылай хан даңғылы, 42

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 231190

11

«Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» РМК

Алматы қ., Райымбек даңғылы, 60

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87273) 974223

12

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК

Алматы қ., Әл- Фараби даңғылы, 146

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 697635

13

«Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК

Астана қ., Абылай хан даңғылы, 15а

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 547717

14

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК

Астана қ., Иманов к-сі, 50

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 371199

15

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК

Алматы қ., Абай даңғылы, 91

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 921064

16

«Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК

Алматы қ., Достық даңғылы, 125

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87273) 870887

17

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

Астана қ., Тұран даңғылы, 32

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 701409

18

«Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ

Астана қ., Тұран даңғылы, 36

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 511544

19

«Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ

Алматы қ., Төле би к-сі, № 95а

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 331786

20

«Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» РМК

Алматы қ., Әйтеке би к-сі

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(8727) 2796751

21

«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ

Астана қ., Тұран даңғылы, 34/1

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 511594

22

«Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК

Павлодар қ., Кутузов к-сі, 200

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87182) 605053

23

«Нашақорлықтың және психотерапияның, психиатрияның республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК

Алматы қ., Амангелді к-сі, 88

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 274832

24

«Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығы» АҚ

Астана қ., Жәнібек, Керей хандар к-сі, 3

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 543264

25

«Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» РМҚК

Алматы қ., Бекқожин к-сі

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(8727) 2918692

26

«Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК

Қарағанды қ., Мұстафин к-сі, 15

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87212) 561021, 565263

27

«А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 62

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 2799282

28

«Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы»

Алматы қ., Басенов к-сі, 2

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(8727) 378493

29

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» РМК

Алматы қ., Д.Қонаев к-сі, 86

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 912081

30

«Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

Семей қ., Гагарин к-сі, 258

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87222) 546349

31

«Сот медицинасы орталығы» РМҚК

Астана қ., Жеңіс даңғылы, № 119/1

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 934043

32

«Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК

Астана қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі, № 10

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 543300

33

«Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі» РМҚК

Алматы қ., Ш. Қалдаяқов к-сі, 54

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 938213

34

«Көкшетау медицина колледжі» МКҚК

Көкшетау қ., Глинин к-сі, 54

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87162) 315621, 315620, 314560

35

«Ақтөбе медицина колледжі» МКҚК

Ақтөбе қ., Шерниязов к-сі, 18а

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87132) 400482, 400498

36

«Талдықорған қаласының медицина колледжі» МКҚК

Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі, 228

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87282) 224334, 224335

37

«Талғар медицина колледжі» МКҚК

Талғар қ., Павлов к-сі, 24а

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(872774) 21993, 21611

38

«Атырау медицина колледжі» МКҚК

Атырау қ., Құрманғазы к-сі, 7

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87122) 281038, 283850

39

«Өскемен медицина колледжі» ҚМКК

Өскемен қ., 30 Гвардейская дивизия к-сі, 44

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87232) 540902, 540394

40

«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» ҚМКК

Семей қ., Интернациональная к-сі, 38

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87222) 560725, 563500

41

«Жамбыл медицина колледжі» ҚМКК

Жамбыл қ., Ниетқалиев к-сі, 20

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87262) 450320, 450319

42

«Батыс Қазақстан медицина колледжі» МҚКК

Орал қ., Жәңгірхан к-сі, 67

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87112) 501183, 521538

43

«Қарағанды қаласының медицина колледжі» КМҚК

Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 9

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87212) 414532, 414501

44

«Жезқазған қаласының медицина колледжі» КМҚК

Жезқазған қ., Тарадая к-сі, 8

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87102) 722960

45

«Балқаш қаласының медицина колледжі» КМҚК

Балқаш қ., Желтоқсан к-сі

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(871036) 48550

46

«Қостанай медицина колледжі» МКҚК

Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 181

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87142) 547764

47

«Арқалық медицина колледжі» МКҚК

Арқалық қ., Абай даңғылы, 23

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(871430) 72302

48

«Қызылорда медицина колледжі» МКҚК

Қызылорда қ., Жақаев к-сі, 78

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87242) 230513, 230070, 230595

49

«Маңғыстау облыстық медицина колледжі» МКҚК

Жаңаөзен қ., «Шұғыла», шағын ауданы 21б

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(872934) 32646

50

«Павлодар медицина колледжі» МКҚК

Павлодар қ., Байзақов к-сі, 151

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87182) 573380

51

«Екібастұз медицина колледжі» ҚМКК

Екібастұз қ., Ломоносов к-сі, 5

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(871877) 54306, 54462

52

«Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» ҚМКК

Петропавл қ., Шухов к-сі 42

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87152) 320869, 471486

53

«Шымкент медицина колледжі» МКҚК

Шымкент қ., Жылқышиев к-сі, 43

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87252) 530910

54

«Түркістан медицина колледжі» МКҚК

Түркістан қ., Қожанов к-сі, 42

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87253) 343157, 43156

55

«Жетісай медицина колледжі» МКҚК

Жетісай қ., Л. Тоқбергенов к-сі, 3

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(872534) 67541

56

«Медицина колледжі» МКҚК Алматы қ.

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87272) 675905, 673662

57

«Қалалық медицина колледжі» МКҚК Астана қ.

Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы к-сі, 16

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен

(87172) 560061

«Денсаулық сақтау саласы      
кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан 
өткені туралы құжаттар беру»    
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша              

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдағы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)