"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамын және "Қазсат" басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1557 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 523 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов