"Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1551 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 541 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 523 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов