"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1472 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесінде:
      14-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алынып тасталсын;
      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның хаттамасына қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орман иеленушіге және тендер жеңімпазына (жеңімпаздарына) хабарлама жібереді. Мемлекеттік орман иеленуші хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде орман пайдаланушымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын (бұдан әрі – шарт) жасасады.».
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Тендер нәтижелері туралы есепті тендерді ұйымдастырушы тендер комиссиясының хаттамасына қол қойылғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.».
      Ережеге 1-қосымшада:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тендер комиссиясы тендер өтінiмдерiн бағалау және салыстыру нәтижелерi бойынша шешім шығарды:
      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берудiң мынадай шарттарына:
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________________________________сәйкес
___________________________тендер өтiнiмi тендердi ұтты деп танылсын.
(лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы)
      2. Мемлекеттік орман иеленуші күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ___________________________ шарт жасассын.
      Комиссия төрағасы __________________________

      Комиссия мүшелерi __________________________
                        __________________________
                        __________________________
      Комиссия хатшысы  __________________________»;
                                          Тендерді ұйымдастырушы
                                          М.О;

      Ережеге 2-қосымшада:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бiрлесiп «Тараптар», деп аталатын____________________________
                                (қарауында мемлекеттiк орман қорының
____________________________________________________________________
берiлетiн учаскелерi бар мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
____________________________ атынан негiзiнде әрекет жасайтын, бұдан әрi «Мемлекеттік орман иеленуші» деп аталатын және___________________
                                 (заңды тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.)
негiзiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi «Орман пайдаланушы» деп аталатын төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік орман иеленуші орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiндегi 20_ жылғы «___»________________ №___ тендер хаттамасының негiзiнде орман ресурстарын______________________
                                (орман пайдалану түрлерi көрсетiлсiн)
жүзеге асыру үшiн осы Шартқа қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қоры учаскесi жоспарының (1-қосымша) шегiнде ___ жыл мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бередi.».
      4-тармақ алынып тасталсын;
      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
      (орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленушінің құқықтары мен мiндеттерi орман заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленедi)»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Осы шарт орман пайдаланушы мен мемлекеттік орман иеленуші үшiн бiр-бiр данадан, бiр данасы тiркеушi органда сақтау үшiн 3 данада жасалды. Барлық 3 дананың бiрдей заңдық күшi бар.»;
      7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

      Мемлекеттік орман иеленуші                  Орман пайдаланушы
      ____________________                      ____________________
      (Т.А.Ә.                                   (Т.А.Ә.
      ____________________                      ____________________
      заңды тұлғаның                      жеке немесе заңды тұлғаның
      ____________________                      ____________________
      толық атауы)                              толық атауы)
      Орналасқан жері_____                 Орналасқан жері____
      ____________________                   ____________________
      СТН немесе БСН_________           СТН немесе ЖСН, БСН_________
      Е/шот_______________                 Е/шот_______________
      ____________________                 ____________________
            (қолы)                                (қолы)
      М.О                                   М.О
      ____________________
      ____№_______тіркелді

      Тіркелген күні 20__ ж. «___»_______________

      М.О.».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов