Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және "Жергілікті атқа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
      2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
      2. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1436 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына   
1-қосымша     

Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны

Өңірлер

Барлығы, штат саны* (бірлік)

Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)

Ақмола

2964

4

Ақтөбе

2165

4

Алматы

3368

5

Атырау

1375

5

Шығыс Қазақстан

3474

5

Жамбыл

2283

4

Батыс Қазақстан

2039

5

Қарағанды

2991

5

Қостанай

3130

4

Қызылорда

1607

5

Маңғыстау

1020

5

Павлодар

2526

4

Солтүстік Қазақстан

2440

4

Оңтүстік Қазақстан

3488

5

Алматы қаласы

1161

5

Астана қаласы

784

5

ЖИЫНЫ:

36815

74

      Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
      Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.
      *Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, Алматы және Астана қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.