"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына тол

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1424 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«

8


Біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы


Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды


«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне:



бірінші (ілгері) деңгейдегі


ЛЖ-дан 100 %

екінші (негізгі) деңгейдегі


ЛЖ-дан
70 %


үшінші (базалық) деңгейдегі


ЛЖ-дан
30 %

      ».

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов