Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1422 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «79) заңды тұлғаларға түрлі-түсті көшіру-көбейту техникасын, жарылғыш, күшті әсер ететін улы заттарды сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтік қаруларды және оның оқтарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; ату тирлері мен стендтерін, штемпельді-граверлік кәсіпорындарды ашу мен олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға азаматтық қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;»;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         C. Ахметов