Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 қарашадағы
№ 1394 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау,
халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін айқындайды.
2. Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету
2. Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар етуді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар өздеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі шеңберінде «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
3. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар және олардың салдары туралы ақпарат жария және ашық болып табылады.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және құқық қорғау органдарына түскен төтенше жағдайлар туралы хабарламалар халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету үшін негіз болады.
5. Төтенше жағдайлар аймағындағы халық қауіп-қатер туралы жедел хабардар етіледі. Төтенше жағдайлар аймағына жақын тұратын халық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің буындарына арналған тиісті режимдер енгізілгеннен кейін 30 минуттың ішінде хабардар етіледі.
6. Төтенше жағдайлар қатері немесе олардың туындауы туралы ақпарат халыққа байланыс операторлары мен телерадиотарату желілері бойынша, оның ішінде ұялы байланыс операторларының желілері бойынша тегін мәтінді хабарламалар беру арқылы, сондай-ақ халық көп жиналатын орындар мен қоғамдық көлікте оларға қызмет көрсететін заңды тұлғалардың хабардар ету құралдары бойынша халықты хабардар ету жүйесі арқылы беріледі.
Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары хабардар етудің жергілікті желілерін іс-қимылға келтіру арқылы төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен туындауы туралы жақын тұратын халықты хабардар етеді.
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радиокомпанияларына төтенше жағдайлар туралы тиісті хабарламаларды жібереді, олар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасымалдағыштардан тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.
8. Ағымдағы телерадио бағдарламаларын таратуды тоқтатудың бір реттік ұзақтығы бір сағат iшiнде екi-үш рет қайталанған кезде 5 минуттан аспайды.
3. Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау
9. Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттауды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі бекіткен жоспар бойынша төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлар саласында халықты және мамандарды
оқытып-үйрету
11. Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшы құрамы мен мамандарын даярлау және халықты оқытып-үйрету осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бірыңғай жүйе шеңберінде ұйымдастырылады және:
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс басқару органдарының, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері, «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілер мамандары үшін - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық бөлімшелерінде біліктіліктерін арттыруды, жиындарға, машықтанулар мен оқу-жаттығуларға қатысуды;
- азаматтық қорғаныстың басқару органдарының құрамына енгізілмеген жұмыс істейтін халық үшін - ұсынылатын бағдарламаларға сәйкес жұмыс орны бойынша сабақтар өткізуді, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар тәртібін өздігімен зерделеуді және алған білімдері мен дағдыларын оқу-жаттығулар мен машықтануларда бекітуді;
- жұмыс істемейтін халық үшін – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыптары бойынша өткізілетін іс-шараларға (әңгімелесулер, дәрістер, оқыту фильмдерін көру және басқалар) қатысуды, тұрғылықты жері бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға қатысуды, сондай-ақ төтенше жағдайлардан қорғану мәселелері бойынша оқу құралдарын, жадынамаларды және буклеттерді өздігімен зерделеуді, радио хабарларын тыңдауды, интернет-ресурстар мен телебағдарламаларды көруді;
- оқу орындарының студенттері мен оқушылары үшін – «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқу бағдарламалары бойынша сабақтар өткізуді, төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбы бойынша әртүрлі конкурстарға қатысуды, оқу-жаттығулар мен машықтануларға тартуды;
- мектепке дейінгі мекемелер балалары үшін – қоршаған ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша ойындар өткізуді, ертегілер мен балалар кітаптарын тыңдауды, ата-аналарымен әңгімелесуді көздейді.
12. Басшы құрам мен мамандарды даярлау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
13. Төтенше жағдайлар саласындағы даярлау мен оқытып-үйретудің әдістемелік басшылығы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету, білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
1-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
уәкілетті органның оқу-әдістемелік орталықтарында оқытуға
жататын лауазымды адамдар тізбесі
Р/с № |
Оқытылатындар санаты |
Оқу кезеңі |
1 |
2 |
3 |
1. |
Орталық атқарушы органдар: |
|
бірінші басшылардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар төрағалары және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
эвакуациялық комиссиялар төрағалары және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
департамент директорлары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметкерлері |
3 жылда 1 рет |
|
2. |
Жергілікті атқарушы органдар: |
|
қалалар, аудандар әкімдері |
5 жылда 1 рет |
|
төтенше жағдайлар жөніндегі (облыстық, қалалық және аудандық) комиссиялар төрағалары және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялар (облыстық, қалалық және аудандық) төрағалары және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметкерлері |
3 жылда 1 рет |
|
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің (облыстық, қалалық және аудандық) бастықтары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма бастықтары, олардың орынбасарлары және мамандары |
3 жылда 1 рет |
|
3. |
Республикалық мекемелер, компаниялар және ведомстволар: |
|
бірінші басшылардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар төрағалары және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
эвакуациялық комиссиялар төрағалары және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметкерлері |
3 жылда 1 рет |
|
4. |
Қауіпті өндірістік объектілер: |
|
басшылар және олардың орынбасарлары |
3 жылда 1 рет |
|
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметкерлері |
3 жылда 1 рет |
|
5. |
Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары: |
|
төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
|
қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтары, олардың орынбасарлары және мамандары |
3 жылда 1 рет |
|
халықты оқыту мәселелерімен айналысатын төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарының қызметкерлері |
3 жылда 1 рет |
Ескертпе:
1. Міндетіне төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді шешу кіретін лауазымға тағайындалған адамдар үшін біліктілікті арттыру бірінші жұмыс жылы ішінде жүзеге асырылады.
2. Даярлықтан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету, білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
2-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын
оқытылатын адамдар тізбесі
Р/с № |
Оқытылатындар санаты |
Оқу кезеңі |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қалалар, аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері |
5 жылда 1 рет |
2. |
Қалалардың, аудандардың (қалалық, ауылдық) төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері |
5 жылда 1 рет |
3. |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының эвакуациялық органдарының қызметкерлері |
5 жылда 1 рет |
4. |
Қалалық, аудандық эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссияларының мүшелері |
5 жылда 1 рет |
5. |
Қалалық және аудандық әкімдіктердің лауазымды адамдары |
5 жылда 1 рет |
6. |
Ұйымдар, кәсіпорындар, оқу орындарының азаматтық қорғаныс бастықтары және олардың орынбасарлары |
5 жылда 1 рет |
7. |
Азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының мамандары (қызметкерлері) |
5 жылда 1 рет |
8. |
Ұйымдардың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мамандары |
5 жылда 1 рет |
9. |
Азаматтық қорғаныс құралымдарының (жасақтардың, командалардың, звенолардың және бекеттердің) командирлері |
3 жылда 1 рет |
10. |
Оқу орындарының, білім беру ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары |
5 жылда 1 рет |
11. |
«Бастапқы әскери дайындық» және «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәндері бойынша оқу орындарының оқытушылары |
2 жылда 1 рет |
12. |
Мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілері |
3 жылда 1 рет |
13. |
Барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының сынып жетекшілері |
5 жылда 1 рет |
14. |
Азаматтық қорғаныс құралымдарына кірмейтін жұмысшылармен сабақ өткізу топтарының жетекшілері |
3 жылда 1 рет |
15. |
Халыққа қызмет көрсету саласындағы қоғамдық ұйымдардың басшылары |
3 жылда 1 рет |
16. |
Еңбек және демалыс сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері |
5 жылда 1 рет |
17. |
Қауіпті өндірістік объектілердің мамандары |
3 жылда 1 рет |
Ескертпе:
1. Міндетіне төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу кіретін лауазымға тағайындалған адамдар үшін біліктілікті арттыру бірінші жұмыс жылы ішінде жүзеге асырылады.
2. Даярлықтан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
3-қосымша
Төтенше жағдайлар саласында халықты даярлау
Р/с № |
Іс-шара, тақырып |
Оқытылатындар құрамы |
Өткізу мерзімділігі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Республикалық деңгейде |
||||
1. |
«Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру» тақырыбы бойынша «Қорғау» республикалық штабтық машықтану |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын |
ТЖМ |
2. |
«Көктемгі кезеңде тасқын су жағдайының қолайсыз дамуы кезіндегі төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындық және оларды жүргізу» тақырыбы бойынша «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері, ұйымдар |
Жыл сайын |
ТЖМ |
3. |
«Қысқы кезеңде төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындық және оларды жүргізу» тақырыбы бойынша «Қыс» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері, ұйымдар |
Жыл сайын |
ТЖМ |
4. |
Қазақстандағы ықтимал қиратушы жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі іс-қимыл бойынша «Жер» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары; республикалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері, ұйымдар |
3 жылда 1 рет |
ТЖМ |
2. Орталық атқарушы органдарда |
||||
5. |
Төтенше жағдайларды жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар |
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамы |
2 жылда 1 рет |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар |
6. |
Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру бойынша штабтық машықтану (запастағы басқару пункттеріне шыға отырып) |
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамы |
2 жылда 1 рет |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар |
3. Аумақтық деңгейде |
||||
7. |
Осы аумақтағы Азаматтық қорғаныс бастығы белгілейтін тақырып бойынша кешенді оқу-жаттығулар (облыстарда, қалаларда және аудандарда) |
Азаматтық қорғаныс бастығы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның мүшелері, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері, азаматтық қорғаныс құралымдары, ұйымдар, эвакуациялау органдары, жұмысшылар мен қызметшілер, халықтың бір бөлігі |
3 жылда 1 рет |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
8. |
Төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс бойынша облыстардың, қалалардың және аудандардың командалық-штабтық оқу-жаттығулары |
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің аумақтық кіші жүйелерін басқару органдары |
Жыл сайын |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
9. |
Халықтың, басқару органдарының, азаматтық қорғаныс құралымдарының жер сілкінісі туындаған жағдайдағы іс-қимылдары бойынша командалық-штабтық (штабтық) машықтанулар |
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің аумақтық кіші жүйесінің аумақтық органдары, эвакуациялау органдары, республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінің азаматтық қорғаныс құралымдары |
Жыл сайын |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
10. |
Арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар |
Азаматтық қорғаныстың аумақтық құралымдары, шұғыл ден қою жасақтары |
Жыл сайын |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
4. Ұйымдарда |
||||
11. |
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындау қаупіне және оны жоюға байланысты іс-шараларды пысықтау бойынша кешенді оқу-жаттығулар, азаматтық қорғаныс іс-шаралары (тақырыбын ұйымның азаматтық қорғаныс бастығы белгілейді) |
Азаматтық қорғаныс жөніндегі санатталған ұйымдарда |
3 жылда 1 рет |
Ұйымдар |
12. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне және оларды жоюға байланысты іс-шараларды пысықтау бойынша объектілік машықтанулар мен азаматтық қорғаныс іс-шаралары |
Азаматтық қорғаныстың аумақтық құралымдары бар санатталмаған ұйымдарда, жоғары оқу орындарында |
3 жылда 1 рет |
Ұйымдар |
13. |
Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы ықтимал жағдай элементтерін пысықтау бойынша объектілік машықтанулар |
Барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептерде және кәсіби-техникалық мектептерде |
Жылына 1 рет |
Ұйымдар |
14. |
Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру бойынша штабтық машықтанулар |
Санатталған ұйымдарда |
Жылына 1 рет |
Ұйымдар |
15. |
Азаматтық қорғаныс құралымдарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау үшін даярлау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар |
Азаматтық қорғаныстың объектілік құралымдары |
Жылына 1 рет |
Ұйымдар |
16. |
Сейсмикалық машықтанулар (сейсмикалық қауіпті өңірлер үшін) |
Ұйымдар, оқу орындары, мектепке дейінгі мекемелер |
Тоқсан сайын |
Ұйымдар |
17. |
Авариялық жағдайлар бойынша машықтанулар |
Ұйымдар, оқу орындары, мектепке дейінгі мекемелер |
Тоқсан сайын |
Ұйымдар |
18. |
Селге қарсы машықтанулар (сел қауіпті өңірлер үшін) |
Ұйымдар, оқу орындары, мектепке дейінгі мекемелер |
Сел қауіпті кезең басталар алдында жылына 1 рет |
Ұйымдар |
19. |
Оқу топтарындағы жоспарлы сабақтар (ұйымдардағы басшы құрамның ұсынатын тақырыбы бойынша) |
Ұйымдардың басшы құрамы |
Жыл сайын |
Ұйымдар |
20. |
Оқу топтарындағы жоспарлы сабақтар (ұйымдардағы басшы құрамның ұсынатын тақырыбы бойынша) |
Азаматтық қорғаныс құралымдарының жеке құрамы |
Жыл сайын |
Ұйымдар |
21. |
Оқу топтарындағы жоспарлы сабақтар (ұйымдардағы басшы құрамның ұсынатын тақырыбы бойынша) |
Азаматтық қорғаныс құралымдарына кірмейтін ұйымдардың қызметкерлері |
Жыл сайын |
Ұйымдар |
5. Жұмыс істемейтін халық |
||||
22. |
Оқу-жаттығулар мен машықтануларға тарту. |
Өндірісте және қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халық |
Тұрақты |
ТЖМ, орталық және жергілікті атқарушы органдар |
Аббревиатураның толық жазылуы:
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.