"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1372 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 30.06.2016 № 236 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 405 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3-9-154 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашадағы № 47 аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Меншік түріне қарамастан Мұғалжар ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайызы көлемінде квота белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мұғалжар ауданының әкімі С. Шаңғұтов