"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 1364 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 24, 25-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28-5 және 28-6-жолдармен толықтырылсын:
      «

28-5

Мемлекеттік қызметтер туралы

ЭДСМ

Мамыр

Шілде

Қараша

Д.М. Шәженова

28-6

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Мамыр

Шілде

Қараша

Д.М. Шәженова

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов