Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 599 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәжит Төлеубекүлы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің
төрағасы
Стамбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы комитетінің Шекара қызметі директорының
бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Бәшімов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Серік Аралтайұлы коммуникация министрлігінің транзиттік
саясат және логистика басқармасының
бастығы, хатшы
Есқалиев - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"
Ерхат Серікұлы акционерлік қоғамының логистика жөніндегі
вице-президенті, "Қорғас" шекара маңы
ынтымақтастығының халықаралық орталығы"
акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)
Жанәлинов - "Ұлттық көліктік логистиканы дамыту
Рустан Жанатұлы орталығы" акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)
Лавриненко - "KAZLOGISTICS" көлік-логистикалық
Юрий Иванович қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Мәмбетәлин - "Атамекен" Қазақстанның ұлттық
Әлихан Есенғосұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Несіпкүл Берікханқызы Есембаева, Серік Нұртайұлы Баймағанбетов, Арман Қайратұлы Евниев, Нұржан Кершайызұлы Мырзалиев шығарылсын.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жұмыс органы Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия отырысына шығарылатын мәселелерді жинақтауды және пысықтауды, Комиссия отырысының күн тәртібін төраға және/немесе төрағаның орынбасарымен келісуді, Комиссия мүшелеріне материалдарды таратуды, сондай-ақ Комиссияның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұлттық компанияларымен және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету бөлігінде Комиссия жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |