"Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 1336 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 596 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 496-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінде:
      4-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7, 8-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, «CT-KZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Кі = 0;»;
      5-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Егер осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7, 8-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, «CT-KZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Кі = 0;»;
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Осы Бірыңғай әдістеменің қосымшасында көзделген «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталуын талап етпейтін Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, шикізат тауарлары пайдаланылған тауарларды немесе жұмыстарды жеткізуге арналған шартта жергілікті қамтуды есептеу кезінде Кі «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталмай бірлікке теңестіріледі.
      8. Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерімен шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Kі және Rj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.».
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 22 қазандағы
№ 1336 қаулысына  
қосымша       

Тауарларды, жұмыстар мен      
көрсетілетін қызметтерді сатып алу
кезінде ұйымдардың жергілікті  
қамтуды есептеуінің бірыңғай  
әдістемесіне қосымша       

Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен растауды талап етпейтін шикізат тауарларының тізбесі

р/с №

СЭҚ ӨЖ бойынша тауардың қысқаша атауы

СЭҚ ӨЖ

1

2

3

1.

Бидай

01.11.1

2.

Арпа, қара бидай және сұлы

01.11.3

3.

Жасыл ірі бұршақ көкөністері

01.11.6

4.

Кептірілген ірі бұршақ көкөністері

01.11.7

5.

Тары

01.11.42

6.

Өзге де дәнді дақылдар

01.11.49

7.

Құрғақ асбұршақ

01.11.75

8.

Басқа топтамаларға енгізілмеген, кептірілген бұршақты көкөністер

01.11.79

9.

Мақта тұқымы

01.11.84

10.

Өзге де майлы тұқымдар

01.11.9

11.

Ақталмаған күріш

01.12.1

12.

Жапырақты немесе қабықты бұрыш көкөністері

01.13.1

13.

Өзге жеміс-көкөніс дақылдары

01.13.3

14.

Тамыр жемісі, құлпынай немесе пияз басы

01.13.4

15.

Тамыр жемісі және жоғары крахмал немесе инулин бар құрамында асханалық құлпынай

01.13.5

16.

Қант қызылшасы және қант қызылшасының тұқымы

01.13.7

17.

Саңырау құлақ және трюфельдер

01.13.8

18.

Басқа топтамаға енгізілмеген көкөністер, жаңа піскен көкөністер

01.13.9

19.

Мақта шикізаты

01.16.11

20.

Кесілген гүлдер; гүлдердің тұқымы

01.19.2

21.

Қызылшаның тұқымы, азық өсімдіктерінің тұқымы; басқа өсімдіктердің шикізаты

01.19.3

22.

Ірі мүйізді малдың сүт өнімінің табыны, тірісі

01.41.1

23.

Өзге ірі мүйізді малдар және өгіздер, тірісі

01.42.1

24.

Жылқылар және өзге жылқы малы, тірісі

01.43.1

25.

Түйелер және түйеге ұқсастар, тірісі

01.44.1

26.

Қойлар және ешкілер, тірісі

01.45.1

27.

Шошқалар, тірісі

01.46.1

28.

Үй құсы, тірісі

01.47.1

29.

Фермада өсірілетін өзге малдар, тірісі

01.49.1

30.

Шикі мұнай және табиғи газ

06

31.

Метал рудалары

07

32.

Тас, құм және балшық

08.1

33.

Химия өнеркәсібі және тыңайытқыш өндірісі үшін минералды шикізат

08.91

34.

Шымтезек

08.92

35.

Тұз және таза натрий хлоры, теңіз суы

08.93

36.

Ірі мүйізді малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тектес малдың еті, жаңа сойылған немесе мұздатылғаны

10.11.1

37.

Ірі мүйізді малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тектес малдың азық-түлігі, жаңа сойылған немесе мұздатылғаны

10.11.2

38.

Ет және азық-түліктің мұздатылғаны; ет және өзге азық-түлік

10.11.3

39.

Ірі мүйізді малдың немесе жылқы тектес малдың, қой және ешкінің жүндері, терісі және шикі терісі

10.11.4

40.

Ірі мүйізді малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің майлары

10.11.5

41.

Өңделмеген, жарамсыз қалдықтар

10.11.6

42.

Мамық және құстардың қаламшасы бар терілері

10.12.5

43.

Түгі жоқ ірі қара малдың тұтас терісінен жасалған былғары

15.11.31

44.

Ірі мүйізді малдың жүнсіз терісінен жасалған былғары

15.11.32

45.

Жылқы тектес малдардың жүнсіз терісінен жасалған былғары

15.11.33

46.

Шошқаның, қойдың, ешкінің жүнсіз терісінен жасалған былғары

15.11.4

47.

Езілген әк және езілмеген гидравликалық әк

23.52.1

48.

Күл, қалдықтарды өртегеннен алынған күлдер

38.21.40

49.

Қайтадан пайдалану үшін қауіпсіз, жарамды, өзге жиналған қалдықтар

38.11.5