Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 43, 393-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
«Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары» деген 7-бөлімде:
100-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада:
«Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары» деген кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. Аd күлділігі, %, артық емес |
45,0 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов