Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 1286 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 1286 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 520 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 45, 608-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.».
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-151-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-151. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 205-32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «205-32. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
      4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      «4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 104-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «104. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.