"Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы келісімге қол қою туралы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1252 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы келісімге қол қою туралы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1282 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов