"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1223 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 354 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6504 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 қарашадағы № 303-305 (26364-26366) «Казахстанская правда» газетінде, 2010 жылғы 10 қарашадағы № 469-477 (26320) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін ақпараттандырсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев