Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2)3) тармақшаларына29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісім-шартты тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен  
бекітілген     

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк қызметтің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мына мекенжай: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0503 кабинетінде көрсетеді.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17 және 68-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету туралы ақпарат Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінде орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі қағаз тасығыштағы жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу туралы куәлiк немесе қағаз тасығыштағы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      Куәлік осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта жазбаша түрде ресімделеді.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап бес күннен аспайды;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде рұқсат берiлген кезек күтудiң ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу туралы куәлiгін алған кезде рұқсат берiлген кезек күтудiң ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Хат-хабарды қабылдау кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Құжаттар алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз қабылданады.
      10. Ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      11. Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiш (еркiн нысанда);
      2) жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартының түпнұсқасы;
      3) қарызды тартудың, пайдаланудың және қайтарудың техникалық-экономикалық негiздемесi:
      несие мақсаты (қаражатты пайдалану);
      несие сомасы мен өтеу мерзiмiн;
      несие көздерi мен өтеу кезеңдерi (негiзгi борышты және сыйақы пайыздарын жылдар бойынша бөлiп);
      4) сенiмхатсыз қол қою құқығына ие мемлекеттік қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, мемлекеттік қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн тұлғаға берiлген сенiмхат.
      Мемлекеттік қызметті алушы жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат алғаннан кейiн Министрлікке тiркеу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын ұсынады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер, өтiнiш нысандары көзделмеген.
      13. Құжаттарды қабылдау 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
      14. Министрліктің кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба және кiрiс нөмiрi, күнi) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың тапсырылғанын растайды.
      15. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу туралы куәлiгінің түпнұсқасы қолма-қол Министрлік орналасқан мекенжай бойынша беріледі.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды бермеу мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Министрліктің қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) жеткiлiктi және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдi көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа мен қолжетiмдi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Мұнай және газ министрінің бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Министрлiктің құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі мына мекенжайда түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      21. Министрлік жоғары тұрған ұйым болып табылады. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      22. Қызметті көрсету кезінде дөрекілік көрсетiлген жағдайда шағым Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтің нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым, заңды тұлғаның толық атауын, мекенжайын, шағымның шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленеді. Шағым мемлекеттік қызметті алушының қол қоюымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы тиіс.
      Шағым түсіргенде, әрекетіне (әрекетсіздігіне) лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы, талаптар мен шағымның себебі көрсетілуі керек.
      25. Қолма-қол қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.
      Шағымның қабылданғанын растау тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп берілген талон болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Министрліктің қызметкерлерінен мына (7172) 97-68-65, (7172) 97-69-79 телефондары арқылы алуға болады.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Министрліктің байланыс деректері:
      мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, А блогы.
      Жұмыс және қабылдау кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет жөніндегі қосымша ақпараттарды Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет ресурсының «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінен алуға болады.

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде
жер қойнауын пайдалану құқығының
кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк
қызметті көрсету стандартына 
1-қосымша           

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiн тiркеу туралы
КУӘЛІК

2011 жылғы «____» ____________                           № __________
______________________________
        (қала, аудан)
Кепiл берушi: _______________________________________________________
                (заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы, СТН)
_____________________________________________________________________
Кепiл ұстаушы:
_____________________________________________________________________
              (банктiң атауы, оның заңды мекен-жайы)
Кепiл шарты: ________________________________________________________
                              (нөмiрi, күнi)
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: _______________________
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрi, кен орнының толық атауы)
Келiсiмшарт: ________________________________________________________
                    (келiсiмшарттың нөмiрi мен жасалған күнi)
Мiндеттеменiң сомасы: _______________________________________________
                                  (санмен және жазумен)
Мiндеттеменi өтеу мерзiмi: __________________________________________
                                          (күнi)

Ескертпе: ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi
берген мемлекеттiк орган басшысының Т.А.Ә., қолы

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде
жер қойнауын пайдалану құқығының
кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк
қызметті көрсету стандартына 
2-қосымша           

Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Есептi жылда көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәтінен бастап белгiленген мерзiмде қызметті көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

90%

2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметті көрсету сапасына және тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

3.2. Ақпаратқа электрондық формат арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен  
бекітілген     

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметтің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мына мекенжай: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0503 кабинетінде көрсетеді.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 68-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінде орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі қағаз тасығыштағы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты тiркеу актiсi немесе қағаз тасығыштағы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап бес күннен аспайды;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде рұқсат берiлген кезек күтудiң ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты тiркеу актiсiн алған кезде рұқсат берiлген кезек күтудiң ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Хат-хабарды қабылдау кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Құжаттар алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз қабылданады.
      10. Ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      11. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттарды тіркеу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiш (еркiн нысанда);
      2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың түп нұсқасы;
      3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар мемлекеттік қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, мемлекеттік қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер, өтiнiш нысандары көзделмеген.
      13. Құжаттарды қабылдау 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
      14. Министрліктің кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба және кiрiс нөмiрi, күнi) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың тапсырылғанын растайды.
      15. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты тiркеу актiсiнің түпнұсқасы қолма-қол Министрлік орналасқан мекенжай бойынша беріледі.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды бермеу мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Министрліктің қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) жеткiлiктi және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдi көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа мен қолжетiмдi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Мұнай және газ министрінің бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Министрлiктің құжат айналымын қамтамасыз ететін қызмет мына мекенжайда түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      21. Министрлік жоғары тұрған ұйым болып табылады. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      22. Қызметті көрсету кезінде дөрекілік көрсетiлген жағдайда шағым Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтің нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым, заңды тұлғаның толық атауын, мекенжайын, шағымның шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленеді. Шағымда мемлекеттік қызметті алушы қол қою керек немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы куәландырылуы тиіс.
      Шағым түсіргенде, әрекетіне (әрекетсіздігіне) лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы, талаптар мен шағымның себебі көрсетілуі керек.
      25. Қолма-қол қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.
      Шағымның қабылданғанын растайтын тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп берілген талон болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Министрліктің қызметкерлерінен мына (7172) 97-68-65, (7172) 97-69-79 телефондары арқылы алуға болады.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Министрліктің байланыс деректері:
      мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, А блогы.
      Жұмыс және қабылдау кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет жөніндегі қосымша ақпараттарды Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет ресурсының «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінен алуға болады.

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде  
жер қойнауын пайдалануға арналған 
келісімшарттарды тiркеу» мемлекеттiк
қызметті көрсету стандартына   
қосымша               

Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Есептi жылда көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәтінен бастап белгiленген мерзiмде қызметті көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

90%

2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметті көрсету сапасына және тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

3.2. Ақпаратқа электрондық формат арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесi)

100%

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен  
бекітілген     

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А 0505 кабинеті мекенжайы бойынша және мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.egov.kz Үкіметтің электрондық порталы немесе «Е-лицензирование» www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mgm.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» бөлімінде;
      2) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат, сондай-ақ call-орталығының телефоны арқылы ұсынылуы мүмкін: (1414).
      5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі мұнай-газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) қызмет түрімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығыштағы не электрондық құжат нұсқасында беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы не Комитеттің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап беруі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Комитетке немесе порталға өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мынаны құрайды:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
      Осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 471-тармағына сәйкес лицензиялық алым алынады.
      Егер лицензияны алуға электрондық сауал портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкімет» шлюзы (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкасы осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
      9. Жұмыс кестесі: күн сайын, Еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі.
      Хат-хабарларды қабылдау кестесі: күн сайын, Еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылмастан және жедел қызмет көрсетілместен жүзеге асырылады.
      Порталдың жұмыс кестесі-тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
      1) Министрліктің ғимаратында; ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және  мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
      2) порталда – жеке кабинетінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы не оның сенімхат бойынша өкілі уәкілетті органға немесе порталға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      заңды немесе жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;
      заңды тұлға үшiн – жарғының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмесі;
      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
      қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған), лицензиялық алымның көлемі осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген;
      осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлға үшін – тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін мәліметін Комитет тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Комитет қызметкері құжаттың көшірмесімен түпнұсқаны және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі ұсынған мәліметтерімен салыстырады, одан кейін түпнұсқасын алушыға қайтарады.
      Лицензиясы бар, қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      заңды немесе жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;
      лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz порталында бар болған жағдайда) не лицензияның көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған);
      осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлға үшін – тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін мәліметін Комитет тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында алады.
      Қызмет алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн портал арқылы жүгінетін жағдайда мынаны ұсынады:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сауал;
      жеке тұлға үшін – тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтері;
      жарғы (электрондық түсіріп алынған көшірме түрінде электрондық сауалға тіркеледі);
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алым төленгенi туралы ақпарат;
      осы стандарттағы 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар электрондық түсіріп алынған көшірме түрінде электрондық сауалға тіркеледі.
      Лицензиясы бар, қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz порталында бар болғанда) немесе лицензия болған жағдайда электрондық түсіріп алынған көшірме түрінде (электрондық сауалға тіркеледі);
      осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар (электрондық түсіріп алынған көшірме түрінде электрондық сауалға тіркеледі).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке тұлға үшін – тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметін Комитет тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында алады.
      2) Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда қызмет алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
      Лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      Лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініш;
      телнұсқа беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген.
      Қызмет алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшiн портал арқылы жүгінетін жағдайда мынаны ұсынады:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сауал;
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алым төленгенi туралы ақпарат.
      3) Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады:
      - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгергенде;
      - дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде;
      - заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      - заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде.
      Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, алушының, осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
      Қызмет алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
      Қызмет алушы қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
      Қызмет алушы лицензияны қайта ресімдеу үшiн портал арқылы жүгінетін жағдайда келесі мәліметті қамтитын сауал ұсынады:
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алым төленгенi туралы ақпарат;
      лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz порталында бар болғанда) немесе лицензия және лицензияға қосымша электрондық түсіріп алынған көшірме түрінде (электрондық сауалға тіркеледі).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді Комитет жеке тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында алады.
      12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандары электронды Үкіметтің www.egov.kz веб-порталында, және www.mgm.gov.kz Министрліктің интернет-ресурсындағы «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» бөлімінде орналастырылады.
      Веб-порталда мемлекеттік қызметті алушының өтініші кезінде сауалды осы стандартттың 1 және 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау портал арқылы немесе почта арқылы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, А блогы, 0305 А кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
      Порталдағы мемлекеттік қызмет алушының өтініші кезінде:
      электрондық сауалды жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады, сауал автоматты түрде тандалған қызметіне сәйкес адресатқа - мемлекеттік органға жіберіледі;
      мемлекеттік қызметті көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы есебі, алу күні және уақытын көрсетумен – мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.
      14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті алушының веб-порталындағы өтініші кезінде:
      мемлекеттік қызметті алушыға веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтініш жіберу туралы хабарлама жіберіледі (сауал нөмірі);
      мемлекеттік орган екі күн ішінде өтінішті жіберген және нөмір берген сәтінен бастап тіркеу қажет, мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» сонымен қатар, веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайына, қабылдаған күнін көрсетумен, мемлекеттік органға өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      Комитетте – осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша қолма-қол алушыға беріледі (өзі бару немесе сенімхат бойынша өкілге);
      порталда «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тоқтатылуы үшін негіздеме ресімделуге жататын фактілерді белгілеу және берілген құжаттардың толық еместігі болып табылады.
      Комитет өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде берген құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Комитет берген құжаттардың толық емес фактісі айқындалған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын береді.
      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды Комитет мына жағдайларда жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынған;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
      3) мемлекеттік қызметті алушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;
      4) мемлекеттік қызметті алушыға лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеген;
      5) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болғанда;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот мемлекеттік қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салғанда;
      7) Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 40-бабында көзделген негіздемелер бойынша.
      Комитет өтiнiш берушiнiң (кызмет алушының) құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады.
      Бұл ретте, Комитет ұсынылған құжаттардың пакетін қызмет алушыға қайтарып береді немесе «жеке кабинетіне» (портал арқылы жүгінген жағдайда) қайтарады.
      Мемлекеттік қызметті алушы, мемлекеттік қызмет көрсету не көрсетуден бас тарту туралы ЭЦК куәландырған дәлелді жауапты, сондай-ақ порталда электрондық түрінде ала алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің қызметi мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) көрсетілетін қызмет туралы жеткілікті және толық ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалардың қызметінің ашықтығы;
      6) тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
      7) тұтынушының құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Комитеттің мемлекеттік қызметті көрсету сапасы мен тиімділік көрсеткішінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Министрлiктің құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі мына мекенжай бойынша түсіндіреді: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: 8 (7172) 97-69-31, 8 (7172) 97-69-43.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының телефоны арқылы алуға болады (1414).
      21. Министрлік жоғары тұрған ұйым болып табылады. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      22. Қызметті көрсету кезінде дөрекілік көрсетiлген жағдайда шағым Министрлікке мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, А 0305 кабинеті, байланыс телефондары: (7172) 97-69-31, (7172) 97-69-43.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым, заңды тұлғаның толық атауын, мекен жайын, шағымның шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленеді. Шағым мемлекеттік қызметті алушының қол қоюымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы тиіс.
      Шағым түсіргенде, әрекетіне (әрекетсіздігіне) лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы, талаптар мен шағымның себебі көрсетілуі керек.
      25. Қолма-қол қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.
      Шағымның қабылданғанын растау тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп берілген талон болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Министрліктің қызметкерлерінен мына (7172) 97-68-65, (7172) 97-69-79 телефондары арқылы алуға болады.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті алушының портал арқылы өтініші кезінде:
      мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтінішті жібергеннен кейін, мемлекеттік органда өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа қол жетімді болады;
      мемлекеттік органның жауабы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес беріледі.
      26. Министрліктің байланыс деректері:
      мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, А блогы.
      Жұмыс және қабылдау кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет жөніндегі қосымша ақпараттарды Министрліктің www.mgm.gov.kz ресми интернет ресурсының «Жер қойнауын пайдалану» бөлімінен алуға болады.

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру), мұнай-химия, химия    
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ
өңдеу өндірістерін жобалауға    
(технологиялық), магистральдық газ  
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай 
өнімдері құбырларын пайдалануға   
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік қызметті көрсету    
стандартына 1-қосымша        

Заңды тұлғаға лицензия алу үшiн берiлетiн өтiнiштiң нысаны

_____________________________________________________________________
                     (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
          (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТIНIШ

_____________________________________________________________________
(қызмет түрі және (немесе) қызметтiң кіші түрi (түрлері) көрсетiлсiн)
____________ жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша
беруiңiздi сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
                 (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №,
_____________________________________________________________________
                       телефон, факс, e-mail)
Банк шоты ___________________________________________________________
                (шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, бекеттер, телімдер) ______________
_____________________________________________________________________
               (орналасқан жерi және деректемелерi)
Қоса берiліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________

Басшы _________________          ____________________________________
           (қолы)                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Мөр орны                         20____ жылғы «____» ________________
Өтiнiш 20____ жылғы «____» _______________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
    (лицензиардың жауапты адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру), мұнай-химия, химия    
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ
өңдеу өндірістерін жобалауға    
(технологиялық), магистральдық газ  
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай 
өнімдері құбырларын пайдалануға   
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік қызметті көрсету    
стандартына 2-қосымша        

Жеке тұлғаға лицензия алу үшiн берiлетiн өтiнiштiң нысаны

_____________________________________________________________________
                   (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
 (жеке тұлғаның толық тегi, аты, әкесiнiң аты, ЖСН деректемелері)

ӨТIНIШ

_____________________________________________________________________
(қызмет түрі және (немесе) қызметтiң кіші түрi (түрлері) көрсетiлсiн)
____________ жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша
беруiңiздi сұраймын.
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________, сериясы ______________
№ ____________ берген мекеме _______________ берген кезі ____________
Банк шоты (бар болса) _______________________________________________
                      (шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қоса берiліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________

______________                              _________________________
   (қолы)                                  (тегi, аты, әкесiнiң аты)
20____ жылғы «____» ___________________
Өтiнiш 20____ жылғы «____» _______________________ қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
    (лицензиардың жауапты адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру), мұнай-химия, химия    
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ
өңдеу өндірістерін жобалауға    
(технологиялық), магистральдық газ  
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай 
өнімдері құбырларын пайдалануға   
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік қызметті көрсету    
стандартына 3-қосымша        

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның ставкасы

      Алым ставкалары Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген және алымды төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне сүйене отырып белгіленеді және мынаны құрайды:

Р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым ставкалары, АЕК-пен

1.

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның ставкасы

10

2.

Лицензияның телнұсқасын беру үшін алым ставкасы

лицензия беру кезіндегі ставкасының 100%-ы

3.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін ставкасы

лицензия беру кезіндегі ставкасының 10%-ы

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру), мұнай-химия, химия    
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ
өңдеу өндірістерін жобалауға    
(технологиялық), магистральдық газ  
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай 
өнімдері құбырларын пайдалануға   
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік қызметті көрсету    
стандартына 4-қосымша        

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптары қызметтің тиісті кіші түрлерін орындауға маманданатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлерге) қолданылады және:
      1) заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшiн өтiнiш берушiнiң қолымен куәландырылған және еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың нормативтiк талаптарына сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде (меншік құқығындағы немесе өзге де басқару нысанындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуын қамтиды.
      Өндірістік база өтініш берілген лицензияланатын кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы және мыналардың:
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін – жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды – есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықты);
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін – инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының, тау-кен өндірістері кезінде қолданылатын химиялық реагенттерді (оларды пайдаланған кезде) сақтауға арналған қоймалардың, үй-жайлардың, сыйымдылықтардың;
      мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу үшін – жабдықтардың, тау-кен өндірістері кезінде қолданылатын химиялық реагенттерді (оларды пайдаланған кезде) сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, сыйымдылықтардың;
      пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшін – лицензияның не өндіріс орнына қауiптi жүктердi (жарылғыш заттарды) тасымалдау үшін лицензиясы бар жеке ұйыммен жасалған шарттың; уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатының не жарылыс заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажетті қоймалары бар жеке ұйыммен шарттың; ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін – каротаж станциялардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың);
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін – перфорациялық жабдықтар мен жүйелерінің;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың;
      ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін – қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегатының, ұңғымаларды күрделi жөндеу үшін қолданылатын қондырғының;
      ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін – жуу-цементтеу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының, өлшеу сепараторларының;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдары кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның;
      құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), қалқымалы резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың;
      мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану үшін – жабдықтар мен механизмдердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, күштi әсер ететiн улы заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде (салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актiсiнiң, сондай-ақ меншік құқығындағы немесе өзге де басқару нысандарындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болуын қамтуы тиіс;
      3) мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды (осы тармақтың 16-абзацындағы қызметтің кіші түрін қоспағанда);
      технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды осы тармақтың (осы тармақтың 16-абзацындағы қызметтің кіші түріне ғана қолданылады);
      қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезеңділігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар мен қызметтердің болуын қамтиды.
      Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады;
      4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша практикалық тәжірибесі бар (басшылар үшін – кемінде 3 жыл, мамандар үшін – кемінде 1 жыл) техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (басшылар үшін – жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде орта арнаулы білім) болуын қамтиды;
      Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде штат кестесі және әрбір қызметкер: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кестені ұсынады.

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру), мұнай-химия, химия    
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ
өңдеу өндірістерін жобалауға    
(технологиялық), магистральдық газ  
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай 
өнімдері құбырларын пайдалануға   
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік қызметті көрсету    
стандартына 5-қосымша        