Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2012-2016 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1124 Қаулысы

      «Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2012 – 2016 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғырту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған тиісті аумақтық іс-шаралар жоспарларын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен келіссін және бекiтсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1124 қаулысымен
бекітілген    

Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары
патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын
отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2012 –2016
жылдарға арналған жоспары

р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1. Патриоттық құндылықтар мен «еңбек адамы» бейнесін қалыптастыруға бағдарланған сапалы мәдени өнім жасау

Театрлық және концерттік қызмет

1.

Үздік опералық, балет, камералық музыка, драмалық және ән өнерінің туындыларын жасауға арналған «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 44011
2013 жыл – 47092*
2014 жыл – 50388*
2015 жыл – 53915*
2016 жыл **

2.

Шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардың қатысуымен өндірістік кәсіпорындарда концерттер ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

3.

Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын әндер шығаруға арналған «Елім менің» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 6000
2013 жыл – 6420*
2014 жыл – 6869*
2015 жыл – 9800*
2016 жыл **

4.

Н.Тілендиев атындағы Дирижерлердің республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2012 жыл 2014 жыл

республикалық бюджет

2012 жыл – 7000
2014 жыл – 8015*

5.

Ш.Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалін ұйымдастыру және өткізу

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 20000
2013 жыл – 29885*
2014 жыл – 29885*
2015 жыл – 29885*
2016 жыл **

6.

Ә.Қашаубаев атындағы Дәстүрлі орындаушылардың республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2013 жыл 2015 жыл

республикалық бюджет

2013 жыл – 13000*
2015 жыл – 14884*

7.

Республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру және өткізу

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 20197
2013 жыл – 21611*
2014 жыл – 23124*
2015 жыл – 24743*
2016 жыл **

8.

Құрманғазы атындағы Дәстүрлі орындаушылардың республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2012 жыл 2014 жыл

республикалық бюджет

2012 жыл – 7751
2014 жыл – 8294*

9.

Вокалисттердің халықаралық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2013 жыл

республикалық бюджет

2013 жыл – 14000*

10.

Скрипкашылардың халықаралық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2012 жыл 2014 жыл

республикалық бюджет

2012 жыл – 7311
2014 жыл – 8370*

11.

Балет әртістерінің халықаралық конкурсын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2012 жыл 2015 жыл

республикалық бюджет

2012 жыл – 8260

12.

«Ұлы Дала сазы» халықаралық дәстүрлі орындаушылардың өнер фестивалін ұйымдастыру және өткізу

МАМ

2012 жыл 2014 жыл

республикалық бюджет

2012 жыл – 14740
2014 жыл – 16876*

Кітапхана ісі

13.

ҚазҰЭК-МЭКҚ ақпараттық жүйесіне жазылу, сүйемелдеу және жабдығын техникалық қолдау

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 67100*
2013 жыл – 94500*
2014 жыл – 117220*
2015 жыл – 74500*
2016 жыл **

14.

Ұлттық кітап қорын цифрландыратын орталық құру және ҚазҰЭК-МЭКҚ ақпараттық жүйесінің қорын кеңейту

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 76316
2013 жыл – 9306*
2014 жыл – 9306*
2015 жыл – 9306*
2016 жыл **

15.

«Мобильді кітапхана» жобасын іске асыру, республикалық және өңірлік кітапханаларға библиобустар (жылжымалы автокөлік құралдары) сатып алу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

16.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу

МАМ,облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

-

17.

Республикалық және өңірлік кітапханаларда Қазақстанның еңбек жетістіктеріне арналған: «Бақыттың кілті – еңбекте», «Елімнің мақтанышы – еңбек адамы», «Мамандығым – мақтанышым», «Еңбек адамы» – «Человек труда», «Мамандық әлемі» – «Мир профессии», «Наша гордость – люди труда» атты әдеби – көркемдік көрмелердің топтамасын ұйымдастыру және өткізу

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

-

Киноөндіріс

18.

Өндірістік кәсіпорындарда, жоғары және орта оқу орындарында, республиканың шалғай елді-мекендерінде ұлттық кино күндерін ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

19.

«Еуразия» халықаралық кинофестивалын ұйымдастыру және өткізу

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 176000
2013 жыл – 176000*
2014 жыл – 176000*
2015 жыл – 201502*
2016 жыл **

20.

Алыс және жақын шетелдерде қазақстандық кино күндерін ұйымдастыру және өткізу

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 13500
2013 жыл – 13500*
2014 жыл – 13500*
2015 жыл – 14445*
2016 жыл **

21.

Халықаралық кинофестивальдер мен кинофорумдардың бағдарламаларына қазақстандық фильмдердің қатысуын қамтамасыз ету

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 4500
2013 жыл – 4815*
2014 жыл – 5152*
2015 жыл – 5898*
2016 жыл **

Тарихи-мәдени мұра

22.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары туралы ақпараттық-танымдық веб-порталдарды одан әрі дамыту (соның ішінде материалдық емес мұралар туралы)

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 27455
2013 жыл – 29377*
2014 жыл – 31433*
2015 жыл – 33634*
2016 жыл **

23.

Республикалық мұражайлардың қорларын толықтыру үшін бірегей артефактар, бейнелеу және сәндік- қолданбалы өнер туындыларын сатып алу

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет жергілікті бюджет

«Мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

24.

Қазақстанның ұлы тұлғаларының өмір жолы мен шығармашылық мұраларын танымал ету жөніндегі көрмелер ұйымдастыру және өткізу

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

«Тарихи-мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

2. Бірыңғай мәдени-ақпараттық орта құру

25.

Өзара «облыстардың апталарын» тұрақты өткізу кестесін әзірлеу және бекіту

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

-

26.

Өзара «облыстардың апталарын» тұрақты ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

27.

Қазақстанның Мәдени өмірінің паспортын әзірлеу

МАМ

2013 жыл

талап етілмейді

-

28.

Қазіргі ақпараттық жүйелердің (ақпараттық порталдардың) базасында «Мәдениет KZ» бірыңғай ақпараттық порталын жасау туралы мәселені пысықтау

МАМ

2013 жыл

талап етілмейді

-

29.

Қолданыстағы телевизиялық жобалар шеңберінде еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыруға бағытталған тақырыптық шығарылымдардың шығуын ұйымдастыру

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

30.

Мерзімді баспасөз басылымдарында еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыруға бағытталған материалдар жариялауды ұйымдастыру

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет жергілікті бюджет

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

31.

Патриоттық құндылықтар мен «еңбек адамы» бейнесін нығайтуға бағытталған телевизиялық сериалдар шығаруды ұйымдастыру

МАМ,  облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 жыл 2015 жыл

республикалық бюджет жергілікті бюджет

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

32.

«Үздік мамандық» атты балалар суреті конкурсын ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

33.

Еңбек династияларына, өндіріс озаттарына, ең жас мамандарға және т.б. арналған арт-жобаларды, бейне инсталляцияларды, фотокөрмелерді пайдалана отырып кәсіпорындарды, еңбек ұжымдарын, таныстыру арқылы «Мамандыққа шақыру» акциясын ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

34.

«Сен жалғыз емессің» акциясын – жетім балаларға, толық емес, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына көшпелі және стационарлық мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

35.

Мәдени-демалыс ұйымдарының, мектептердің және мектептен тыс мекемелердің, орта және жоғары оқу орындарының, сондай-ақ меншік түріне қарамастан басқа да ұйымдардың жандарынан көркем өнерпаз ұжымдарын, түрлі үйірмелер құру

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

3. Шығармашылық әлеуетті және инновациялық қызметті ынталандыру

36.

Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институты қызметінің шеңберінде елдің мәдени әлеуетін дамытудың басты тетіктерін зерделеу және қалыптастыру

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

«Қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

37.

Мемлекеттік мәдениет саясатын іске асыруға жұмылдырылған шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді қолдау

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

«Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамдық келiсiм саласында мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

38.

ҮЕҰ-ны өңірлердегі мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тарту

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет жергілікті бюджет

«Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамдық келiсiм саласында мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

39.

Елде және шетелдерде мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тағылымдамалары мен курстарын ұйымдастыру және өткізу

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

республикалық бюджет жергілікті бюджет

2012 жыл – 23647
2013 жыл – 23556*
2014 жыл – 25204*
2015 жыл – 26968*
2016 жыл ** жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

40.

Мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар төлеуді қамтамасыз ету

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 19776
2013 жыл – 20772*
2014 жыл – 22224*
2015 жыл – 23784*
2016 жыл **

41.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттар беруді қамтамасыз ету

МАМ

жыл сайын

республикалық бюджет

2012 жыл – 6552
2013 жыл – 6924*
2014 жыл – 7408*
2015 жыл – 7928*
2016 жыл **

42.

Мәдени-демалыс индустриясы саласында инновациялық идеялар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

жергілікті бюджет

жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

4. Мәдениет саласындағы нормативтік-құқықтық базаны және бағдарламалық құжаттарды жетілдіру

43.

Мәдениет және ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау

МАМ

2013-2014 жылдар

талап етілмейді

-

44.

Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісін дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу

МАМ

2014 жыл

талап етілмейді

-

45.

Қазақстан Республикасындағы мұражай ісін дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу

МАМ

2014 жыл

талап етілмейді

-

46.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектілерінде туризмді дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу

МАМ, ИЖТМ

2014 жыл

талап етілмейді

-

      Ескертпе:
      *қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде айқындалатын және нақтылаған кезде түзетілетін болады;
      ** аталған шығыстар 2014 – 2016 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде көзделеді
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      MАM – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ҚазҰЭК-МЭКҚ – Қазақстан Ұлттық электрондық кітапханасы - Мемлекеттік электрондық кітапхана қоры
      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар