Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны о

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1102 Қаулысы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы заңының 81-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар сексен есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов