"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкім

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 тамыздағы № 1062 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.07 № 1180 (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1061 қаулысымен  
бекітілген      

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі

      Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарға қадағалауды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.
      1. Дербес бақылау құралдары:
      1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);
      2) дербес трекер (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналдары бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар, білезік түріндегі электрондық құрылғы);
      3) стационарлық бақылау құрылғысы (адамның үй-жайда немесе белгіленген аумақта болу режимін бақылау үшін радиоэлектрондық білезік сигналдарын үздіксіз тәулік бойы қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);
      4) мобильді бақылау құрылғысы (адамның белгілі бір жерден тыс болған кезде стационарлық бақылау құрылғысымен жарақталған радиоэлектрондық білезікпен бірге тағуға арналған, ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналдары бойынша оның орналасқан жерін қадағалауды, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);
      5) трансляцияның стационарлық құрылғысы (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналы жоқ үй-жайда радио сигналдарды шығаруға және дербес трекердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған электрондық құрылғы);
      6) аудиовизуалды бақылаудың стационарлық құрылғысы (адамды автоматты түрде көзбен шолуға және дауысымен сәйкестендіруге арналған электрондық құрылғы);
      7) фотоэлектрохимиялық бақылаудың стационарлық құрылғысы (автоматты түрде көзбен шолып бақылау және сәйкестендірілетін адамның ауаға дем шығаруы арқылы қанындағы алкогольдің мөлшерін анықтауға арналған электрондық құрылғы).
      2. Мониторингтің техникалық құралдары мен құрылғылары:
      1) мониторинг сервері (қашықтықтан сәйкестендіру, ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);
      2) аудиовизуалды бақылау сервері (көзбен шолу және дауысты сәйкестендіру, ақпаратты жазу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);
      3) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны (адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуге және бейнелеуге арналған аппараттық – бағдарламалық ақпараттық кешен);
      4) мониторингтің мобильдік пульті (радиоэлектрондық білезіктердің және дербес трекерлердің сигналдарын қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін портативті тасымалданатын құрылғылар кешені).